Ұқсас жаңалықтар:

Ерлан Аманбек: «Талап» ғылыми өсуіме жəне ізденуіме құштарлығымды оятты

Жоғары оқу орнынан кейін білім алу мүмкіндігін Назарбаев Университеті мен оның ұйымдарының қызметкерлері зор ықыласпен пайдаланады. Қазіргі таңда 60-тан астам адам «Талап» стипендиясының иегері болып табылады.

NU қоғамдастының кадрлық əлеуетін дамыту мақсатында Қор 8 жыл бойы аталған стипендияны қаржыландырып келеді.

Стипендия иегерлерінің бірі – Ерлан Аманбек. Оқуға дейін ол Математика департаментінде Teaching Assistant болып істеді. 2018 жылы Остиндегі Техас университетінде есептеу математикасы саласында PhD деңгейіне ие болды. АҚШ-тан оралған соң, стипендия иегері постдокторлық лауазымына тұрып, екі жыл өткен соң Жаратылыстану, əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдар мектебі профессорының ассистенті болды.

«Талаптық» аталған университетте оның PhD бағыты бойынша Қазақстаннан тұңғыш студент болғанын айтады. Бұл факт оған елі үшін үлкен жауапкершілік жүктеді. Бұл оны жігерлендіре түсті.

2017 жылы Ерлан қолданбалы математика мен инженерия бойынша Техаста өткен симпозиумда ең үздік ғылыми постер үшін марапатқа ие болды. Жұмыстың тақырыбы мұнай резервуарларына, CO2 сақтау жəне жер қыртыстарындағы суларды қалпына байланысты міндеттерде кеуекті ортадағы ағын мен көліктерді дəл есептеудің маңыздылығына қатысты болды.

Өзінің кəсіби жолы туралы əңгімелей келе, Ерлан былай дейді: «Талап» шəкіртақысын алуым менің ғылыми ізденістерімнің алға басуына жəне докторлық жұмысымды қорғауыма мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта мен шетелде алған білімімді Университеттің білім беру бағдарламаларын жəне ғылыми жобаларды дамыту үшін қолданып жүрмін жəне жетілдіру үстіндемін».

Бүгінде Ерлан студенттердің жаңа буынымен жұмыс істеуде. Олар ұстаздарының тəлімгерлігімен математика мен есептеу техникасын терең меңгеріп қана қоймай, салмақты білім сайыстарында жүлделі орындарға ие болып жүр. Айталық, 2019 жылы Назарбаев Университетінің студенттері Болгарияда өткен Халықаралық математикалық олимпиадада (IMC) бірден 5 медальды жеңіп алса, 2020 жылы онлайн форматында өткізілген осындай олимпиадада 3 медальды қанжығаға байлады.