Жиі қойылатын сұрақтар

FAQ

Əлеуметтік даму қоры – құрылтайшысы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы болып табылатын корпоративтік қор түрінде құрылған коммерциялық емес ұйым.

Əлеуметтік даму қорының басқару органдары:

  • жоғарғы басқару органы – Құрылтайшы;
  • алқалы басқару органы – Қамқоршылық кеңес;
  • атқару органы (алқалы) – Басқарма;
  • бақылаушы орган – Тексеруші.

Толығырақ ақпарат мына жерде

«Талап» стипендиясы Назарбаев университетіндегі қазақстандық ғылыми қызметкерлер мен оқытушылардың кәсіби дамуына бағытталған. Бұл стипендия Университет пен оның ұйымдарының жас мамандарына магистратура, PhD докторантура және постдокторлық зерттеулер бағдарламалары бойынша оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді. Барлық стипендия иегерлері əлемнің жетекші жоғары оқу орындарында оқып болғаннан кейін Назарбаев Университетінің қауымдастығына оралып, алған білімдері мен дағдыларын, соның ішінде профессор-оқытушылар құрамының қатарын толықтыра отырып қолданады.

Білім алушылар үшін Əлеуметтік даму қоры гранты мемлекеттік грантпен тең. Қордың гранты – білім алушылардың Назарбаев университетінде тиісті білім деңгейі бойынша немесе дайындық бөліміндегі оқуын төлеу үшін Қордың ұсынатын мақсатты қаржыдан тұратын білім гранты. Қордың грантына Университетке тіркейтін қабылдау комиссиясы ұсынатын тұлғалар үміткер бола алады. Грантты тиісті бағдарлама бойынша Қордың қаржысы есебінен барлық оқу кезеңіне стипендияларды, гранттарды және қолдау бағдарламаларын тағайындау бойынша Комиссия тағайындайды. Қордың гранты Қазақстан азаматтарына да, шетелдік студенттерге де беріледі.

Қор Студенттік қордың қаржылық операторы болып табылады, ол тек қана студенттердің өздерінен тұратын Бюджеттік комиссияның шешімі бойынша қаржы алуды және студенттердің жобаларын қаржыландыруды жүзеге асырады. Сондай-ақ Қор жеке меншік және тартылған қаржылардың есебінен Студенттік қордың демеушісі.