Talap стипендиясын тағайындау конкурсы

Күндер
Сағат
Минут
Секундтар
Конкурсқа құжаттарды тапсыру аяқталды.

Құжаттарды тапсыруға қалған уақыт

Бағадарламалар:

Магистратура мен Докторантура

Стипендия тек

2024 - 2025

оқу жылына арналған шығыстарды қамтиды

Біз Назарбаев Университеті мен Университет ұйымдарының қызметкерлері арасында шетелде магистрлік немесе доктурантура бағдарламалары үшін «Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қорының «Талап» стипендиясына конкурс жариялаймыз.

«Талап» стипендиясының мақсаты «Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қорының (бұдан әрі – Қор) күндізгі және модульдік оқытудың магистрлік немесе докторлық дәрежесін алуды көздейтін бағдарламалар бойынша оқытуды ұйымдастыруға, қаржыландыруға жәрдемдесуі арқылы жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды нысаналы түрде даярлауды қамтамасыз ету болып табылады.

Конкурсқа қойылатын талаптар

Конкурсқа қатысушы бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1.

Назарбаев Университетінің немесе Университет ұйымдарының қызметкері болуы

2.

Қазақстан Республикасының азаматы болуы немесе «Қандас» мәртебесіне ие болуы

3.

Шетелдік жоғары оқу орындарында күндізгі және модульдік оқытудың көздейтін бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) бойынша оқу үшін өтінім берген күні Университеттегі және (немесе) Университеттің ұйымдарындағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл болуы тиіс

Қордың Қамқоршылық кеңесі Төрағасының немесе Қордың Басқарма Төрағасының ұсынымы бойынша Бағдарлама бойынша оқуға өтінім берушілер ерекше жағдайларда Университеттегі немесе Университеттің ұйымдарындағы жұмыс өтілі ескерілмей конкурсқа жіберілуі мүмкін.

4.

Бағдарлама бойынша, Университеттің немесе Университет ұйымдарының қызметіне байланысты мамандық бойынша оқуы

Бұл талап оқуда жүрген қатысушыларға да қолданылады.

5.

Жеке оқу жоспарын көрсете отырып, Бағдарлама бойынша академиялық оқуға қабылдануы

6.

ЖОО ұсынған Бағдарламаның өзектілігін Университеттің немесе Университет ұйымдарының жетекшілік ететін және (немесе) тікелей басшысынан ұсыным алуы

7.

Өтінім берушіні Бағдарлама бойынша оқуға жіберу туралы Университет немесе Университет ұйымдары басшысының жазбаша келісімі болуы тиіс

Беру кезеңдері

1-қадам

Бағдарламаның талаптарына сай болу

2-қадам

Құжаттар пакетін жинаңыз

3-қадам

Барлық файлдарды бір файлға біріктіріңіз .pdf

4-қадам

2024 жылдың 21 қарашасында сағат 16.00-ге дейін жіберіңіз

Стипендия мынадай шығыстарды қамтиды:

(тек 2024-2025 оқу жылына арналған)

Оқу құны

Бағдарлама бойынша оқу кезеңінде тамақтануды, тұруды, оқу әдебиетін сатып алуды қамтамасыз етуге арналған ақшалай қаражат (елдер бөлінісінде стипендия мөлшерін айқындауға арналған шығыстар нормасына сәйкес (қосымшаны қараңыз)

Визаны ресімдеу (консулдық алым) немесе визаны ұзарту

Бағдарлама бойынша оқудан өту кезінде төленуге жататын оқыту елінің міндетті алымдары, Стипендия иегерін медициналық сақтандыру, көліктік шығыстар және Бағдарлама бойынша жеке оқу жоспарына байланысты конференцияларға қатысу үшін тіркеу жарналары және өзге де шығыстар

Күндізгі оқу бағдарламалары үшін – академиялық жыл ішінде Астана қаласынан оқу орнына дейін және кері қарай 1 (бір) рет жол жүру

Төтенше жағдайлар (жер сілкінісі, су тасқыны, өрт, тайфун, әскери операциялар) болған елде стипендия иегеріне эвакуациялауға немесе медициналық көмек көрсетуге байланысты шығыстар

Іріктеу критерийлері:

Конкурсқа қатысушының Университеттегі немесе Университеттің ұйымдарындағы жалпы жұмыс өтілі

Университет немесе Университет ұйымдары қызметінің бағыты бойынша конкурсқа қатысушының кәсіби қызметіне қатысы бар наградалар

Бағдарлама бойынша оқуға өтініш берген күні Университетте және (немесе) Университет ұйымында кемінде 2 (екі) жыл жинақталған жұмыс тәжірибесінің болуы

қабылдаушы университеттің және/немесе оның бағдарламасының халықаралық академиялық рейтингтердегі позициясы Назарбаев Университетінің (Times Higher Education Rankings 2025: #501-600 әлемдегі) позициясынан төмен болмауы тиіс, 1-ден 10 баллға дейінгі шкала бойынша бағаланады

Таңдалған Бағдарламаның ЖОО қызметімен арақатынасы, 1-ден 10 баллға дейінгі шкала бойынша бағаланады.

2024-2025 оқу жылынан кейін шығыстарды өтеу мүмкіндігі (жазбаша келісім)

Оқу үлгерімі, егер қолданылса (транскрипт)

Құжаттар пакеті

Құжаттардың толық пакеті бір PDF файлында түрлі-түсті форматта скандау қажет және ағылшын тілінде толтырылған келесіні құжаттар ұсынылуы тиіс:

1.

Сауалнама (қосымшаны қараңыз) және Өтінім берушінің түйіндемесі

2.

Өтінім берушінің ЖОО-ға академиялық оқуға қабылданғанын растайтын құжаттардың көшірмелері. Құжаттардың түпнұсқалары стипендия тағайындалғаннан кейін ұсынылады

3.

Бағдарлама бойынша жеке оқу жоспары

4.

Университеттің құрылымдық бөлімшесінің немесе Университет ұйымының жетекшілік ететін және (немесе) тікелей басшысы куәландырған ұсыным хат

5.

Университет немесе Университет ұйымы басшысының Өтінім берушіні Бағдарлама бойынша оқуға жіберу туралы жазбаша келісімі

6.

Жеке куәлік пен паспорттың көшірмесі

7.

Қазақстанда немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде бакалавриат/магистратура бағдарламасын аяқтағаны туралы ресми құжаттардың көшірмесі (шетелдік жоғары оқу орны берген диплом және транскрипт). Нотариалды куәландырылған көшірме стипендия тағайындалғаннан кейін ұсынылады

8.

Ғылыми жарияланымдардың немесе оқу-әдістемелік/ғылыми әзірлемелердің тізбесі (бар болса)

9.

Конкурс шығыстарының кестесін (қосымшаны қараңыз) Өтінім беруші елдер бөлінісінде стипендия мөлшерлерін айқындау үшін шығыстар нормасына сәйкес толтырады (қосымшаны қараңыз)

10.

Өтінім берушінің кәсіби қызметіне қатысы бар өзге де құжаттар (Өтінім берушінің қалауы бойынша)

Маңызды!

1. Файл өлшемі .PDF максимум 64 мб.
2. Файл атауында жіберушінің аты-жөні болуы керек (Мысалы: Серік Берік Серікұлы)

Құжаттардың толық пакетін «Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қорының өкілі тексеруі мүмкін (1.343 кабинеті, 1-блок), ал кандидат қол қойған құжатты 2024 жылғы 20 қараша сағат 16.00-ге дейін сайт арқылы ұсыну қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға жұмыс уақытында (8.30-17.30): +7 (705) 315-3368 (Дина Сайфутдинова) немесе sdftalap@nu.edu.kz электрондық пошта арқылы хабарласыңыз.