Сапалы білімге қолжетімділік

Сипаттамасы

Жобасы туралы

Қаржы алушы

Қадылбеков Арнур
НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің түлегі

Мақсатты топ

10, 11, 12 сынып оқушылары

Жоба бюджеті

960 000 теңге

Instagram-дағы жоба

Жобаның мақсаты

Еліміздің өңірлері мен ауылдарында тұратын халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы оқушыларға дайындық арқылы жоғары білім грантын алуға жәрдемдесу.

Жоба сипаттамасы

Сапалы білімге қолжетімділік. Жоба жетекшісі Арнур Кадылбековтың мақсаты осындай. Ол НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің түлегі болып табылады. Ол өңірлерде және ауылдарда тұратын халықтың әлеуметтік осал топтарының оқушыларына жоғары білім алу үшін көмек көрсеткісі келеді. Мақсатқа жету үшін жоба жетекшісі жоғары оқу орындары мен колледждерге білім беру грантына түсу үшін талапкерлерді оқытуға ниеттеніп отыр. Тиісінше нысаналы топ 10, 11, 12 сынып оқушылары болады.

Жоба жетекшісі атап көрсеткендей, еліміздің өңірлері мен ауылдарында тұратын халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 12 оқушы өздерінің орташа балын көтеріп, білім беру грантына түсуге мүмкіндік алады. Жоба бюджеті: 960 мың теңге.

Алдымен жобаға қатысушыларды іріктеу үшін олимпиада өткізу жоспарлануда. Іріктеуден кейін 12 қатысушы емтиханға дайындықтың бастапқы деңгейін анықтау үшін қатысушылар арасында алғашқы сынақ емтихандарын тапсырады. Оқыту «Erkinstudy» мектебінің веб-сайты мен мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимінде өтеді. Дайындық күнделікті сабақтарды, апта сайынғы сынақ емтихандарын, дайындық бойынша онлайн жетекшілік етуді қамтиды.

Оқыту бағдарламасына емтиханның бес пәнінің әрқайсысы бойынша 70-тен астам онлайн сабақтар кіреді. Сабақтар 7 ай бойы қатысушылардың аккаунттары үшін ашылады.
Сонымен қатар, жобаға қатысушылар мұғалімдермен тікелей эфирде әңгімелесіп, аптасына 5 рет барлық сұрақтарын қоя алады. Әр айдың бір аптасында балалар өткен материалды бекіту үшін жұптық жұмыстарға қатысады.

Фотосуреттер мен бейнелер