Kok Maisa
Сипаттамасы
Жобасы туралы
Қаржы алушы
Кульжанова Жанар
НУ Жоғары бизнес мектебінің түлегі, MBA
Мақсатты топ
Астана қ. қазақ тілінде оқытатын мектептердің 5-7 сынып оқушылары
Жоба бюджеті
1 000 000 теңге
Instagram-дағы жоба
Жобаның мақсаты
Астана қаласындағы қазақтілді оқушылар арасында эко-сана мен эко-білімді арттыру, нөлдік қалдықтар қағидаттарымен танысу және эко-әдеттерге баулу, атап айтқанда қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, қалдықтардың түрлері және оларды дұрыс сұрыптау және қайта кәдеге жарату туралы базалық білім алу.
Жоба сипаттамасы
Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінің түлегі Жанар Кульжанова «Kok Maisa» жобасын ұсынды. Жанар елорданың қазақтілді оқушылары арасында эко-сана мен эко-білімді арттыру, нөлдік қалдықтар қағидаттарымен танысу және эко-әдеттерге баулуға ниеттеніп отыр. Осылайша, балалар қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинайды, қалдықтардың түрлері және оларды дұрыс сұрыптау және кәдеге жарату туралы негізгі білім алады.
Нысаналы топ — мемлекеттік тілде оқитын 5-7 сынып оқушылары. Сондай-ақ қаланың 10 қазақ тілді мектебінде үш ай ішінде 5-7 сынып оқушылары арасында 3000-ға жуық адам қамтылатын шеберлік сабақтар өткізіледі. Бойжеткен жануарларды қорғау мәселесіне де бей-жай қарамайды. Сондықтан ол жануарлар жемі үшін «СтопОтлов»-қа қайырымдылық мақсатта қаражат беруге және «Нұр-Алем» қоры арқылы мұқтаж отбасыларға көмектесуге ниетті.
Фотосуреттер мен бейнелер
© "Әлеуметтік даму қоры" корпоративтік қоры, 2024 ж. Барлық құқықтар қорғалған.
Сайт INet Building - те жасалған
Архив