iz Project

Сипаттамасы

Жобасы туралы

Қаржы алушы

Бақытнұр Іңкәр
НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің түлегі

Мақсатты топ

Қазақстанда тұратын, жақын арада мамандықты немесе болашақта немен айналысқысы келетінін таңдауы тиіс, көші-қонға байланысты белгілі бір проблемаларға тап болатын 13-19 жас аралығындағы «қандастар» өкілдері

Жоба бюджеті

950 000 теңге

Instagram-дағы жоба

Жобаның мақсаты

Ақпараттық алаңға қолжетімділік беру арқылы Қазақстандағы шетелден көшіп келген этникалық қазақ жастардың қазақстандық қоғамға интеграциялау мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу.

Жоба сипаттамасы

«iz Project» жобасының жетекшісі Іңкәр Бақытнұр НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің түлегі болып табылады. Іңкәр ақпараттық алаңға қолжетімділік беру арқылы қазақстандық қоғамға үздік интеграциялау үшін Қазақстандағы жас этникалық көшіп келушілердің мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдескісі келеді. Негізгі нысаналы топ ретінде ол Қазақстанда тұратын, жақын арада мамандықты немесе болашақта немен айналысқысы келетінін таңдауы тиіс 13-19 жас аралығындағы қандастарды таңдады.

Жобаны іске асыру нәтижесінде Іңкәр жас қандастарды интеграциялауға бағытталған өзекті және пайдалы контент құруға ниетті. Әлеуметтік желілерде жоба жетекшісі жобаға қызығушылық танытқан 400-ге жуық пайдаланушыны қамтуға ниетті.

Жоба әлеуметтік желілер арқылы Қазақстандағы мансап мүмкіндіктері мен таңдауы, көші-қон мәселелері және қазақстандық қоғамға интеграциялау туралы бейнероликтердің көмегімен қандастар қатарындағы жасөспірімдер мен олардың ата-аналарын қолдауға бағытталған.

Жобаны ойдағыдай жүзеге асыру үшін Іңкәр қандастарды бірнеше топқа бөлді:

1-екіншілік топ: Қазақстандық жасөспірімдер және шетелде тұратын жасөспірімдік жастағы этникалық қазақтар, олар Қазақстандағы мансаптық өсу мүмкіндіктері мен көші-қон мәселелеріне қатысты пайдалы ақпаратқа қол жеткізе алады.

2-екіншілік топ: «қандастар» жас өкілдерінің ата-аналары, олар өз балаларының қолайлы мансаптық перспективалар туралы шешім қабылдауына тікелей әсер ететін болады.

Үшіншілік топ: Қазақстанда туып-өскен және өз құрдастарының мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектесу үшін «қандастар» өкілдері туралы стереотиптерге қарсы шыққысы келетін Қазақстан азаматтары.

Iz Project командасы спикерлермен байланыс орнатуды және сұхбатқа келісуді, жобаның негізгі мақсаттарына сәйкес келетін сұхбат сұрақтарын ойлап табуды және контентті үш тілге аударуды, негізгі беттің иллюстрациялары мен дизайнын жасауды қоса алғанда, бейне-сұхбаттарды құруға және орналастыруға; бейнежазбаны рәсімдеуге, әлеуметтік желілерде нәтижелерді орналастыруға және олардың мониторингін жүргізуге жауапты.

Фотосуреттер мен бейнелер