BioSense
Сипаттамасы
Жобасы туралы
Қаржы алушы
Гюнель Рашидова
Мақсатты топ
20 және одан жоғары жастағы әйелдер. Астана қаласының көп балалы әйелдері.
Жоба бюджеті
944 246 теңге
Instagram-дағы жоба
Жобаның мақсаты
Пациенттің сілекейі арқылы сүт безі қатерлі ісігінің биомаркерлерін анықтау үшін жедел құрылғы әзірлеу.
Жоба сипаттамасы
Сіз көптеген әйелдер сүт безімен байланысты проблемаларды аурудың асқынған кезеңдерінде анықтайтынын білесіз бе? Мұндай жағдай тексеру процесінің көп уақытты қажет етуімен байланысты, үй шаруаларымен айналысатын және жұмысбасты әйелдер бұған уақыт пен күш жұмсауға дайын болмайды, кейде олар мұндай қажеттілікті соңғы сәтке дейін созады. Гюнель Рашидованың пікірінше, бірнеше минут ішінде пациенттің сілекейімен қатерлі ісік ауруын ең аз концентрацияда тани алатын биотестерді жасау ауруды бастапқы кезеңдерде анықтауға мүмкіндік береді, бұл аурудың сәтті емделуіне және өсуіне жол бермеуге ықпал етеді. Бұл бірегей технология болып табылады. Осы пилоттық жоба сәтті іске асырылған жағдайда, бұл диагностиканы жеңілдетуге және медициналық нарықты халықаралық деңгейде жаулап алуға мүмкіндік береді. Ал Гюнель бұл жетістікке доцент Даниэль Тосидің жетекшілігімен ұмтылады.
Күтілетін нəтиже
Жоба нәтижесінде пайдаланушылардың сілекейіндегі сүт безі қатерлі ісігінің ақуыздарын анықтауға арналған портативті құрылғы әзірленеді және сыналады.
© "Әлеуметтік даму қоры" корпоративтік қоры, 2024 ж. Барлық құқықтар қорғалған.
Сайт INet Building - те жасалған
Архив