Oiko

Барлық балалар әдемі, әсіресе OIKO-мен!

Сипаттамасы

Жобасы туралы

Қаржы алушы

Ақерке Жұмабекова, Назарбаев Университетінің түлегі

Жоба бюджеті

5 000 000 теңге

Instagram-дағы жоба

Жобаның мақсаты

Экологиялық қауіпсіз балалар өнімдерін жасау. Аналарға өсімдік негізіндегі табиғи балалар өнімдерін таңдау алуға мүмкіндік беру.

Мақсатты топ

Қазақстанның 0-9 жас аралығындағы балалары және ата-аналар.

Жоба сипаттамасы

OIKO – бұл таза қазақстандық бренд, барлық өнімдерді отандық кәсіпорын жасаған.

Экологиялық таза тұрмыстық химияның брендін жасау идеясы брендтің негізін қалаушы Үміт Қасымоваға тиесілі. Ал Назарбаев Университетінің студенті Ақерке Үміт Қасымоваға көмектесуді ұйғарып, нарықтағы өнімге сұраныс пен тұрмыстық химия өнімдерін сатып алушылардың тілегі бойынша нарықты зерттей бастады. Зерттеу барысында сатып алушылар балалар косметикасына көбірек қызығушылық танытатыны белгілі болды. 0+ – 9 жас аралығындағы балаларға арналған қауіпсіз өнімдер – OIKO өнім желісін кеңейту мақсатында, Үміт пен Ақеркенің бірлескен жобасы осылай дүниеге келді. Жоба тобы қажетті құрал-жабдықтарды таңдап та қойған. Қазір олар оның жасалуын күтіп, қаптаманы таңдап, рецептін жасауда.

Ақерке балалар желісін іске қосу әрқашан үлкен инвестицияны қажет ететінін атап өтті. Сондықтан команда НУ Әлеуметтік даму қорының гранттық байқауына қатысуды жөн көрді.  Грант алушылардың айтуынша, олар бағдарламаға қатысудан күткеннен де көп нәрсе алған. Біріншіден, бұл JAS Camp оқыту барысында қолданылған және бірден нәтиже берген білім. Екіншіден, команданың жобаны іске қосуға болатынына сенімі.

Ақерке оқу барысында жаңа әріптестері, тұтынушылары пайда болғанын, алған білімдерін пайдаланғандарын атап өтті.

Күтілетін нәтиже