Азаматтық бастамалар
Kera Alumni YRA

Сипаттамасы

Бағдарламасы
туралы

Жобалар

Білім беру саласындағы Қазақстан зерттеушілер қауымдастығы (Kazakhstan Educational Research Association, KERA) ресми түрде 14 сарапшының бастамасымен 2014 жылдың тамыз айында құрылды.

KERA қызметі білім беру саласындағы жоғары сапалы ғылыми зерттеулер саласын қолдауға, дамытуға және ынталандыруға, білікті ғалымдарды тартуға және нәтижелерді тиісті қолдануға бағытталған.

2014 жылы KERA Еуропалық білім берудегі зерттеулер қауымдастығының (European Educational Research Association, EERA) мүшесі ретінде қабылданды. Бүгінде EERA мүшелері – 38 елдің қоғамдық бірлестіктері.

KERA мүшелері жыл сайын білім беру зерттеулері бойынша Еуропалық конференцияға қатысады (European Conference on Educational Research). Бүгінде KERA-ның 240 нақты мүшесі бар.

2020 жылдың маңызды оқиғалары:

Білім беру саласының 420 маманы білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерді дамытуға жəне ынталандыруға бағытталған шараларға тартылған

Қазақстанның 7 педагогикалық университеті зерттеушілер консорциумын құрды

Педагогикалық жоғары оқу орындарын зерттеу этикасы бойынша онлайн-сессиялар өткізілді

Зерттеу адалдығын қамтамасыз етудің қазақстандық жүйесін қалыптастырудың алғышарттарын жасау мақсатында Білім беру саласындағы зерттеушілердің этикалық кодексі жасақталды

KERA қызметі туралы қосымша ақпарат алу үшін мына мекенжайға хабарласыңыз:

Нұр-Сұлтан қ. Қабанбай батыр 53,
Телефон: 70-60-20
Ұялы телефон:+7(705)428-42-62
Пошта: yeldos.nurlanov@gmail.com
www.kera.kz

Әлеуметтік даму қоры Назарбаев Университетінің студенттерінің қызығушылық, ынтымақтастық және өзін-өзі тану сезімдерін дамытуға тырысады. Біздің түлектер – туған альма-матерінде кездесіп, оқу бітіргеннен кейін де бір-біріне қолдау көрсетіп жүрген достар.

NU Alumni – бұл Назарбаев Университеті түлектерінің мәдени, зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік ынтымақтастықты дамыту мақсатында 2018 жылдың қазан айында ашылған ерікті қоғамдық бірлестігі. Бірлестік мүшелері университеттің Қазақстанда, шетелде танымал болуына және оның мүдделерін алға жылжытуға өз үлестерін қосады.

Бүгінгі таңда NU түлектерінің қауымдастығы 620-дан астам адамды құрайды.

Қор мен қоғамдық бірлестіктің бірлесе атқарған жұмысы барысында 3,5 мыңнан астам түлек нетворкингті дамытуға, құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ түлектердің Университетпен байланысын күшейтуге бағытталған шараларға қатысты.

Қоғамдық бірлестік мүшелері еліміздің əлеуметтік жəне қоғамдық өміріне қатыса жүріп, белсенді азаматтық позициясын ұстанады. 2020 жылы «NU Alumni» мүшелері COVID-19 таралуын тоқтатуға арналған #bizbirgemiz қозғалысына қатысты.

Бұдан бөлек, қоғамдық бірлестіктің бірқатар өкілдері Назарбаев Университетінің Академиялық кеңесінің құрамында бақылаушы ретінде жемісті еңбек етуде

NU Alumni жобалары

Қордың қолдауымен 2020 жылы «NU Alumni» мүшелері бірқатар іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асырды. Олардың ішінде:

IdeaTHON – COVID-19 пандемиясының салдарынан туындаған мəселелерді шешуге бағытталған идеялар байқауы

Қоғамдағы мүгедектік пен инклюзивтік тақырыбына арналған Disability Talks

Winning the Minds – халықтың əлеуметтік жағынан аз қорғалған тобының балаларына арналған түлектердің менторлық бағдарламасы

Түлектер арасындағы нетворкингті дамыту жəне ғылымның əртүрлі салаларына, шығармашылыққа жəне өнерге деген қызығушылықты арттыру мақсатындағы зияткерлік ойындар

E-Tutor.kz – мектеп бағдарламасындағы негізгі пəндер бойынша орта мектеп оқушыларының құзыреттілігін арттыруға арналған əлеуметтік білім беру жобасы

NU Way Podcast – Назарбаев Университеті түлектерінің жетістікке жету тарихы

NU Alumni қатарына қалай қосылады?

«NU Alumni» жарғысын мойындайтын және бірлестіктің негізгі мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға өз үлестерін қосуды қалайтын Назарбаев Университетінің түлектері «NU Alumni»қоғамдық бірлестігінің мүшелері бола алады.

Егер сіз қосылғыңыз келсе, nualumni.kz сайтындағы онлайн өтінішті толтырыңыз

Байланыс мәліметтері:

Мекенжай: Нұр-Сұлтан қ.,Қабанбай батыр, 53, 1 блок, 1166 кабинет
email: nualumni@nu.edu.kz
телефон:8 771 455 38 35
www.nualumni.kz

Жас ғалымдар Альянсын (Young Researchers Alliance – YRA) 2018 жылы Назарбаев Университетінің түлектері құрды. Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қорының «Талап» бағдарламасының түлегі, постдокторлық үміткер Әсия Ермұхамбетова YRA жетекшісі және рухтандырушысы болып табылады.

YRA мақсаты

Бұл республикамыздың жас дарындарының дамуы мен өсуіне қолайлы жағдай жасау. Профессорлық-педагогикалық құрамның ғалымдары мен қазақстандық және шетелдік оқу орындарының студенттері арасында жемісті ынтымақтастық және ғылымды дамытуға көмек көрсету үшін байланыс орнату.

YRA қатысушысы кім?

YRA қатысушылары – бұл магистратура мен PhD дәрежесі немесе олардың баламасы бар Қазақстандағы және шетелдегі университеттердің қызметкерлері мен түлектері. YRA құрамына технология, инженерия, гуманитарлық ғылымдар, медицина, әлеуметтік ғылымдар және т. б. ғылымдардың өкілдері кіреді.

YRA 12 қазақстандық жəне 7 шетелдік университеттердің жас ғалымдарының басын біріктіреді.

STEM, əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдардың 260 мүшесі кіреді.

2020 жылы Әлеуметтік даму қорымен бірлесе атқарылған YRA іс-шаралары

Жас ғалымдардың, академиктер мен өнеркəсіп мамандарының коллаборациясын құруға бағытталған іс-шараларға 1700-ден астам адам қатысты.

Назарбаев Университетінің 16 студенті FRIP (Fostering Research and Innovation Potential) бағдарламасы аясында зерттеулерге арналған шағын ғылыми гранттарға ие болды.

YRA өкілдері ҚР ҒБМ-нің Ғылым комитетінің жұмыс топтарына қатысып, Қазақстан Сенаты жанындағы жас сарапшылар клубының мүшелері атанды.

«Ғылымның уақыты келді, жалған ақпаратқа жол жоқ» тақырыбында II YRA Форумы өткізілді.

Болашаққа жоспар

YRA кәсіби қарым-қатынас пен YRA мүшелері арасындағы қолдауды нығайту үшін Қазақстанда да, шетелде де бұрыннан қалыптасқан ғылым саласындағы сарапшыларды тарту арқылы таланттарды тартуды жалғастыруда.

YRA қызметі туралы қосымша ақпаратты мына жерден табуға болады:

@yrasciencekz
http://www.yrascience.kz
https://www.facebook.com/yrasciencekz/
https://www.instagram.com/yrasciencekz/?hl=en

Қосымша мәліметтер керек пе?

Бізге жазыңыз, біз сізге көмектесуге қуаныштымыз!