Әлеуметтік даму қоры Назарбаев Университетінің талапкерлері мен студенттеріне көп көңіл бөледі. Әлеуметтік осал отбасылардан шыққан студенттерді қолдау біздің басымдықтарымыздың бірі болып табылады.
2020 жылдың көктемінде бүкіл әлемдегі білім беру жүйесі үлкен қиналысқа тап болды. Оқыту мен кәсіби даярлықтың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Қор студенттерді интернет-байланысқа ақы төлеуге материалдық көмекпен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады.
Қордың көмегімен 2020 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны аралығында 128 студентке 5 млн теңгеден астам сомаға көмек көрсетілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында қаржылық және техникалық қиындықтарды бастан кешірген 218 студент 7 миллионнан астам теңгеге материалдық көмекпен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, сәуір мен мамыр аралығында Қор 5 млн теңге қаржылық көмек көрсететін болады.
Қолдау бағдарламасы туралы толығырақ мына жерден біле аласыз: /kz/programs/support-program/