Ұқсас жаңалықтар:

«NU Alumni» ҚБ бесінші түлектердің салтанатына орай Назарбаев Университеті түлектерінің кездесу кешін өткізді

Іс-шара Назарбаев Университетін 2015-2019 жылдар арасында бітірген 200-ден астам түлектердің қатысуымен Bal-Qaragai Resort демалыс орталығында тамылжыған табиғат аясында керемет көңіл-күйде өтті. Іс-шараның мақсаты тек әр түрлі жылдардың түлектері арасындағы нетворкингті нығайту ғана емес, сонымен бірге «NU Alumni» қоғамдық бірлестігінің болашағын бірігіп жоспарлау да болатын. Осылайша, бірнеше топқа бөлінген қатысушылар бірлестіктің әрі қарайғы даму жолын қарастырып, «NU Alumni» ҚБ өткізетін жобалар идеясын ойластырды, осы бастамаларға қатысуға қаншалықты дайын екендіктерін бағалады.

«Назарбаев Университетінің 2015 жылғы ең алғашқы түлектері NU-мен байланысты үзбеді, өйткені бұл жер олардың кәсіби өмірге деген бастапқы баспалдағы атанып, көптеген құрбы-дос сыйлады», – дейді «NU Alumni» ҚБ атқарушы директоры Арман Қоңқобай.

Бұл шара бірлестіктің жұмыс жасау кезеңінде ұйымдастырылған ең ауқымды іс-шара болып танылды. Табиғат аясындағы демалысқа тек оқып кеткен студенттер ғана емес, сонымен бірге Университет өкілдері – студенттер ісі мен халықаралық серіктестік жөніндегі вице-президент Қадиша Даирова, академиялық сұрақтар бойынша вице-провост Лоретта О Доннелл, мансап орталығының директоры Евгения Ким, студенттер ісі жөніндегі департаменттің директоры Асқат Бекжанов қатысты.

Сонымен қатар, құттықтау сөз сөйлеген Әлеуметтік даму қорының басқарма директоры Анар Өтешева түлектердің бастамасын қолдап, NU Alumni ұйымдастырып, дамуын қаржыландырған болатын.