Озық білімді жəне оқыту техникасын жетік меңгерген, практикалық зерттеу тəжірибесі мол жəне студенттердің білімге деген құштарлығын оята алатын мықты кадрлық құрам – Назарбаев Университетінің басты артықшылықтарының бірі.
Бұл артықшылықты жүзеге асыруға Қор қаржыландыратын «Талап» стипендиясының көмегі зор. Ол Университеттің қызметкерлері мен оның ұйымдарына оқуын əрі қарай магистратура, PhD докторантура бағдарламалары жəне постдокторлық зерттеулер арқылы жалғастыруға мүмкіндік береді.
Стипендия иегерлерінің сөзіне сүйенсек, «Талап» – бұл тек қана шетелде алатын қосымша білім емес. Докторантура бағдарламаларының директоры, Жоғары білім беру мектебінің (ЖБМ) ассистент профессоры Дархан Билялов елге оралған соң ойлау процесінің айтарлықтай өзгергенін айтады. Университетте ЖБМ директоры болып 2,5 жыл қызмет ете жүріп, 2017 жылы Дархан Пенсильвания (АҚШ) штатындағы Университетті тəмəмдады. Ол жоғары білім беру саласында білім беру теориясы мен саясаты қосымша мамандығы бойынша PhD деңгейіне ие болды.
PhD деңгейін алуы оған қызмет бағытын əкімшіліктен академиялыққа бұруға ықпал етті. Стипендия иегерінің өзінің айтуынша, əрі қарай оқуына үлкен жігер берген ағымдағы кəсіби қызметінің алыстан көрінген шыңы болды. Дархан əрқашан биікке көтерілуді мақсат тұтты жəне оқыту ісіне шығармашылық жұмысы ретінде қарады.
«Бүгінде менің ғылыми ізденістермен айналысуға, білім саласындағы өзекті мəселелерге жүйелік деңгейде жəне оқу орындары мен нақты тұлғалар деңгейінде тереңірек үңілуге мүмкіндігім бар. Оқыту, сондай-ақ магистранттар мен докторанттардың жұмыстарына ғылыми жетекшілік жасау студенттердің зерттеп жүрген тақырыптарын терең білуге мүмкіндік беріп қана қоймай, ерекше сезімге бөлейді. Мен Назарбаев Университетінен өз орнымды таптым», – дейді «Талап» стипендиясының аясында алған мүмкіндіктері жөнінде əңгімелеген Дархан Билялов.
Стипендия үміткерлерін таңдау сəтін еске алған «талаптық» оның ашық жəне жүйелі ұйымдастырылғанын, яғни кезеңдерге бөлінгенін, дайындап жатқан зерттеу жұмысының дизайнын тəптіштеп өңдеу қажеттігін, оқу мақсаты мен болашаққа жоспары туралы салмақты сұхбаттың болғанын атап өтті.
Міне, осылайша Дархан Билялов «Талап» стипендиясының 15 иегерінің бірі атанып, бүгінде PhD деңгейіне ие болып, студенттерге тек Университеттің ғана емес, жалпы қоғамымыздың өміріне оң өзгерістер енгізу үшін ғылыми ізденісті үздіксіз жалғастыра берудің маңызы туралы іспен көрсетіп келеді.