Ozim
Сипаттамасы
Жобасы туралы
Қаржы алушы
Назарбаев Университеті түлектерінің бастамашы тобы
Тажиева Əсем Советбекқызы, Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің магистрлік бағдарламасының түлегі
Мамбеталина Дана, Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің магистрлік бағдарламасының түлегі
Жоба бюджеті
10 000 000 теңге
Instagram-дағы жоба
Жобаның мақсаты
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасына 0-3 жасқа дейінгі балалармен өз бетімен жұмыс жасауға қажетті маңызды ақпараттар мен ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Мақсатты топ
Күтілетін нəтиже
0-3 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары мен қамқоршылары үшін кəсіби мамандармен бірлесе отырып жасалған қазақ жəне орыс тілдеріндегі сапалы жəне нақты контенті бар мобильді қосымша/сайт жасақтау.
Жоба сипаттамасы
Жоба мүмкіндігі шектеулі сəбилермен өз бетімен жұмыс жасау барысында ата-аналар мен мамандарға көмегі тиетін 100-ден аса пайдалы материалдары бар қосымша/сайт жасақтауға бағытталған.
Қосымшада/сайтта мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қорғау саласындағы нормативті-құқықтық актілер, қазақстандық жəне халықаралық зерттеулердің мəліметтері, мемлекеттік қызмет алу (балабақша, ПМПК, мүгедектікті рəсімдеу, коррекциялық кабинеттер, оңалту, санаториялық-шипажайлық емдеу, т.б), сонымен бірге жеке ұйымдардың қызметін алу туралы ақпараттар, Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің инклюзия тақырыбына жазылған 5 (бес) мақаланың аудармасы, басқа да өзекті мəселелер орналастырылады.
Жобаны жүзеге асыру барысында ата-аналарға арнап 15 онлайн-кеңес өткізу жоспарланған. Жалпы алғанда, жоба өз қызметінің алғашқы жылында 3 000 пайдаланушыны қамтитын болады.
Фото және видео
© "Әлеуметтік даму қоры" корпоративтік қоры, 2024 ж. Барлық құқықтар қорғалған.
Сайт INet Building - те жасалған
Архив