Khan Academy Qazaq

Сипаттамасы

Жобасы туралы

Қаржы алушы

Студенттердің бастамашы тобы

Мақсотова Айсұлу Мақсотқызы, жаратылыстану, əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдар мектебінің 4-ші курс студенті, биологиялық ғылымдар саласының бағдарламасы

Сарыбекова Əсем, жаратылыстану, əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдар мектебінің 3-ші курс студенті, «Халықаралық қатынастар жəне саясаттану» бағдарламасы

Қайыржанова Гүлмира, жаратылыстану, əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдар мектебінің 2-ші курс студенті, «Халықаралық қатынастар жəне саясаттану» бағдарламасы

Жоба бюджеті

5 000 000 теңге

Instagram-дағы жоба

Жобаның мақсаты

Мазмұны əлемге əйгілі Khan Academy білім ресурсының материалдарына негізделген мемлекеттік тілде білім берудің тегін əрі сапалы қосымша ресурсын халыққа қолжетімді ету.

Мақсатты топ

Күтілетін нəтиже

Жоба сипаттамасы

Биология мен алгебрадан қазақ тілінде 140 бейнесабақ жасау.

Жалпы алғанда, жобаға 125 ерікті тартылған, оның 25-і контентті аудару ісіне белсенді қатысты. Бұдан бөлек, жобаға пəн бойынша педагог-сарапшылар мен аударылған контентті тексеру үшін аудармашы-сарапшылар тартылған.

Дайын контент Khan Academy Qazaq тұғырнамасына жүктеледі жəне мектеп оқушыларына білім берудің əлемдік стандарттарына сəйкес келетін сапалы білімді мемлекеттік тілде алуға мүмкіндік береді.

Khan Academy – 2008 жылы MIT жəне Гарвард түлегі Салман Хан құрған коммерциялық емес білім беру ұйымы. Академияның мақсаты – «жоғары сапалы білімді кез келген жерде, кез кезген адамға беру». Академияның сайты əртүрлі пəндер бойынша ағылшын тіліндегі 4 200-ден астам тегін шағын дəрістерден тұратын коллекцияға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Назарбаев Университетінің студенттері алғашқы болып Khan Academy контентін қазақ тіліне аудару туралы бастама көтерді. 2019 жылдың мамыр айында Khan Academyмен тұғырнама мазмұнын аудару жəне оқшаулау туралы меморандум жасалып, кейін Назарбаев Университетінде «Khan academy Qazaq» клубы құрылды.

Осы кезден бастап студенттер Қор қаржыландырмаса да, өз беттерімен төменгі сыныптарға арналған математика мен арифметика, сондай-ақ төменгі сыныптарға арналған математиканың барлық тақырыптары бойынша 94 бірлік бейнеконтентті аударып шықты.

Фото және видео