22-23 ақпанда Назарбаев Университетінің «Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қоры мен Жоғары бизнес мектебінің Кәсіпкерлікті зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Impact Central: Bridging Social Development and Entrepreneurship in Central Asia» ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференциясы Назарбаев Университетінде өтті.
Конференция Орталық Азиядағы тұрақты әлеуметтік әсерге қол жеткізу үшін тиімді тәсілдерді ілгерілетуге және серіктестікті дамытуға бағытталған терең талқылаулар, интерактивті сессиялар және құнды желілік мүмкіндіктер үшін алаң ұсынуда.
Конференция Қазақстан, ТМД, Орталық Азия және АҚШ-тағы әлеуметтік әсер, әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы негізгі қатысушылардың қатысуымен өтті, онда тәжірибелер мен идеялар алмасылды, одан әрі ынтымақтастықтың бірлескен жоспарлары анықталып, табыстар тарихы және одан әрі Назарбаев Университеті қауымдастығының әлеуметтік және кәсіпкерлік бастамаларын қолдауы көрсетілді.
Конференцияға министрлер, ғалымдар, оқытушылар, студенттер мен тәжірибелі практиктер қатысты, олар өздерінің зерттеулерімен, инновациялық шешімдерімен, әлеуметтік саладағы өзгерістерді қолдану тәжірибесімен және осы салалардағы жетістктерімен бөлісті.
Конференцияда Назарбаев Университетінің студенттері, түлектері мен қызметкерлерінің әлеуметтік және кәсіпкерлік жобаларын көрсетуге ерекше назар аударылды, олардың жүзеге асырылуы қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге өз үлесін қосуға мүмкіндік беріліп, оның әрбір өкілі өз қызметін жүзеге асыруындағы әлеуметтік бастамалар, жобаларды басқару және әртүрлі санаттағы адамдармен өзара әрекеттесу және көшбасшылық дағдыларын жетілдірді.
Конференция барысында әлеуметтік және әлеуметтік-кәсіпкерлік жобалардың мысалдары көрсетілді, олардың саны 2020 жылдан бастап Назарбаев Университеті қауымдастығы жүзеге асырып жатқан 53-тен астам әлеуметтік жобалар мен 10 әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларын қамтиды, олардың бенефициарлары 50 мыңнан астам адам, оның ішінде әлеуметтік осал санаттарынан да бар. Бұл жобалар біздің әлеуметтік жауапкершілікке адалдығымыздың және қоғамда оң өзгерістер енгізуге дайындығымыздың жарқын мысалы болып табылуда.
Сонымен бірге, жақын арада Назарбаев Университетінде оның құрылымында сапалы жаңа форматты білдіретін, ғалымдар қызметінің тиімділігі мен жан-жақтылығын арттыруға көмектесетін инновациялық кластердің енгізілуі және дамытуы жоспарланып отырғанын атап өткен жөн. Қазақстанның түкпір-түкпірінен инновациялар мен дамудың жаңа көкжиектерін ашатын өнеркәсіп өкілдері мен кәсіпкерлері болып табылады.
Бұл бірегей кеңістік экономиканың әртүрлі салаларындағы әртүрлі мәселелерді ойдағыдай шешетін жасанды интеллектті енгізу арқылы академиялық білім мен елдің нақты экономикасының қажеттіліктерін үйлестіруге арналған. Бұл тәсіл, сондай-ақ, мысалы, мүгедектер үшін әлеуметтік мәселелердің инновациялық шешімдерін ұсынатын әлеуметтік кәсіпкерліктің негізгі құралына айналуы мүмкін.
Конференция ғалымдар, практиктер және білім беру мекемелері арасында пәнаралық ынтымақтастық пен білім алмасуға жәрдемдесетін, аймақтың экономикалық, мәдени және даму салаларындағы қарқынды өзгерістерден туындайтын динамикасын зерделеуге платформа беретін ғылыми зерттеулер әлеміндегі маңызды оқиға болды.
Конференция қорытындысы бойынша тараптар Орталық Азиядағы әлеуметтік кәсіпкерліктің халықаралық мәртебесін нығайтуға, әлеуметтік даму, әлеуметтік кәсіпкерлік үшін тұрақты бастамалар үшін қолайлы орта құруға жәрдемдесу және бірлескен зерттеулер, білім және тәжірибе алмасу арқылы серіктестікті нығайтуға мүдделі екендігі туралы келісті.