Равные – разные

Сипаттамасы

Жобасы туралы

Қаржы алушы

Анастасия Воробьева 

Мақсатты топ

Жітіқара қ. ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар/олардың ата-аналары. Мектеп педагогтері.

Жоба бюджеті

954 000 теңге

Instagram-дағы жоба

Жобаның мақсаты

Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы №12 жалпы білім беретін мектеп базасында Инклюзивті білім берудің ресурстық орталығын құру.

Жоба сипаттамасы

Елдің солтүстігіндегі Жітіқара қалашығында инклюзия орталығы жоқ. Онда ерекше қажеттіліктері бар 300-ге жуық бала бар. Бұл жағдайды Анастасия әлеуметтік желілерден біліп, бастамасын дәл қазір жасау керек деп шешті. «Дара» қорының және Әлеуметтік даму қорының арқасында Анастасия Жітіқара қаласында инклюзияны енгізу бойынша жобаны бастады, ол №12 мектеп әкімшілігімен олардың базасында орталық құру, педагог-мамандар даярлау және өз баласын үйде дамыту бойынша ата-аналарды қолдау туралы келісті. Бастапқыда Орталық мамандар, ата-аналар мен балалар үшін сабақтар өткізеді, содан кейін жалпы оқытудың толыққанды бағдарламаларына көшеді. Анастасия инклюзияда ешкім мақұрым қалмауы керек деп есептейді.

Күтілетін нəтиже

Мектепке, педагогтерге, отбасылар мен балаларға ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқуға қабылдау бөлігінде қолдау көрсете отырып, инклюзивті қоғамды дамытуға жәрдемдесу.