Kishkentai

Барлығы үшін нағыз балалық шақ!

Сипаттамасы

Жобасы туралы

Қаржы алушы

Әдия Сабит, Назарбаев Университетінің түлегі

Жоба бюджеті

5 000 000 теңге

Instagram-дағы жоба

Жобаның мақсаты

Мақсатты топ

Ерекше қажеттіліктері бар балалар және олардың ата-аналары.

Жоба сипаттамасы

Жалпы, барлығы жобаның негізін қалаушы Гүлмира Пармышеваның ерекше қажеттіліктері бар баланы дамытудың қиындықтарын басынан өткеруінен басталды. Гүлмираның баласының сөйлеуі қабілеті нашар, коммуникация дағдылары бұзылған болатын. Баласына ойын тренажерларын сынақтан өткізген Гүлмира оң нәтижелерді байқай бастады. Осындай әлеуетін байқаған Гүлмира басқаларға көмектесуге бел буды. Осылайша Kishkentai әлеуметтік жобасын құру идеясы туындады.

Назарбаев Университетінің түлегі Әдия Сәбит компанияға қаржыгер қызметін атқарып, Әлеуметтік даму қорының гранты арқылы өндіру мүмкіндігін кеңейтуді ұсынды.

Олар өнім желісі баланың мектептегі бірінші күніне дейін дамуын қамтамасыз ету үшін қажет нәрсенің барлығын қамтуға тырысады. Бұл ретте олардың Әлеуметтік даму қорының гранттық байқауына қатысуы үлкен рөл атқарды.

Бүгінгі күні Kishkentai ерекше қажеттіліктері бар 10 000-нан астам баланың сөйлей бастауына және дамуына көмектесе алды.

Күтілетін нəтиже