It's okay

Сипаттамасы

Жобасы туралы

Қаржы алушы

Дания Яруллина

Мақсатты топ

Астана және Алматы қалаларының жасөспірімдері мен ата-аналары.

Жоба бюджеті

1 000 000 теңге

Instagram-дағы жоба

Жобаның мақсаты

Ата-аналар мен жасөспірімдер үшін семинарлар өткізу жолымен жыныстық тәрбие деңгейін арттыру.

Жоба сипаттамасы

Жоғарғы сынып оқушысы бола отырып, Дания мектеп бағдарламасы аясында жасөспірімдерді жыныстық тәрбиелеу жобасын қолға алған кезде, көбісінің ойы екіұшты болды. Сол кезде оны қолдайтын адамдар табылмады. Бірақ мұндай тақырып бойынша ашық сөйлеспеу факторы, оның белгілі бір тыйым ретінде қабылдануы Данияның санасына қозғау салды. Біраз уақыт өткен соң, университетте оқыған кезде ол Gender Schoolе бағдарламасында жыныстық тәрбие тақырыбына оралып, әсіресе ата-аналардың сауатын арттыру керек екенін түсінді. Мұндай мәселелерде көбінесе ересектер ашыла бермейді және бұл жасөспірімдердің мінез-құлқына теріс әсер етеді. 2020 жылғы статистика көрсеткендей, Қазақстанда 5000-ға жуық қыз 16-18 жасында жүкті болған және олардың төрттен бірі болашақта олардың репродуктивтік денсаулығына қандай зиян келтіруі мүмкін екенін түсінбей, түсік жасауға шешім қабылдаған. Жеке шекаралар, жыныстық мінез-құлық нормалары, кез келген харассментке жол бермеу сияқты осы және басқа да көптеген тақырыптарды Данияның командасы ашық талқылайды, олар өз әрекеттерімен қазақстандықтардың салауатты, ашық және толыққанды қоғамын дамытуға өз үлесін қосуға ұмтылады.

Күтілетін нəтиже

Жоба нәтижесінде қатысушылар жыныстық тәрбие туралы білім деңгейін арттырады, бұл болашақта олардың өз менталдық, физикалық және
репродуктивті денсаулығына мұқият қарауға ықпал етеді. Ата-аналардың жобаға қатысуы балаларды жыныстық тәрбиелеу дағдыларын арттыруға әкеледі, бұл балалар мен ата-аналардың сенімді қарым-қатынасын дамытуға оң әсерін тигізеді.