Ornek
Сипаттамасы
Жобасы туралы
Қаржы алушы
NU Enactus студенттік клубы
Армсан Ребекка Давидовна, жаратылыстану, əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдар мектебінің 2-ші курс студенті, «Əлеуметтану» бағдарламасы
Юсупова Эльмира, жаратылыстану, əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдар мектебінің 2-ші курс студенті, «Əлеуметтану» бағдарламасы
Жоба бюджеті
174 000 теңге
Instagram-дағы жоба
Жобаның мақсаты
Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арт-сессия ұйымдастыру арқылы инклюзивті қоғамды дамытуға ықпал жасау.
Мақсатты топ
Күтілетін нəтиже
Жоба сипаттамасы
Жоба əлеуметтік-коммерциялық бағытқа ие.
Жобаның алғашқы міндеті мүмкіндігі шектеулі балаларды терапиялық эффекті бар шығармашылық қызметпен (сурет салу) айналысуға тарту болып табылады.
Екінші міндеті — олардың шығармашылық жұмыстарына назар аударту жəне оларды коммерциялық сату арқылы инклюзивті қоғамды дамытуға ықпал жасау.
Бұдан басқа жұмыстар каталогы жасалып, баланың қолынан шыққан əр жұмыс аукционға шығарылады, кəсіби дизайнерлердің көмегімен осы суреттер бейнеленген кəдесыйлар жасау жоспарлануда. Жұмыстар мен олар бейнеленген кəдесыйларды сатудан түскен қаржы кішкентай суретшілерге беріледі. Бұл қаржыны олар оңтайландыруға немесе өз қалауын орындауға жұмсай алады.
Жобаға 10 шақты баланы қатыстыру көзделіп отыр.
Фото және видео
© "Әлеуметтік даму қоры" корпоративтік қоры, 2024 ж. Барлық құқықтар қорғалған.
Сайт INet Building - те жасалған
Архив