KokMaisa 2.0
Сипаттамасы
Жобасы туралы
Қаржы алушы
Жанар Кульжанова
Мақсатты топ
Жібек Жолы ауылының тұрғындары.
Жоба бюджеті
1 000 000 теңге
Instagram-дағы жоба
Жобаның мақсаты
Ауыл тұрғындарын тарта отырып, қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі әлеуметтік кәсіпорынды пилоттық іске қосу.
Жоба сипаттамасы
Жанар — қалдықтармен қазіргі жағдайды өндіріс салалары мен қалдықтарды қайта өңдеу жұмыстарының циклдік сипатына байланысты өзгертуге болатынына сенімді эколог. Басқаша айтқанда, өндірілген барлық нәрсе екінші, үшінші, тіпті көп мәртелік қайта өңдеуге түсуі керек. Біз осы қағидатқа тезірек жетуіміз үшін адамдар оның экономикалық мағынасын сезінуі керек. Өз мысалымен мұның жүзеге асатындығына сендіру үшін Жанар пікірлестерімен бірге елорда маңында пластикті қайта өңдеу бойынша шағын цех ұйымдастырып, жергілікті тұрғындарды кәсіпорынның қызметіне тарту туралы шешім қабылдады. Осылайша, қосымша жұмыс орындары қамтамасыз етіледі және кенттің қоқыс саясаты мәселелерінде дұрыс экологиялық көзқарас қалыптасады. Жобаның нәтижелерін қуана күтеміз, өйткені оның алғышарттары бізді үміттендіреді. Жанар екінші рет Jas Social Impact байқауына қатысып отыр, қазақстандықтардың өмір салтын экологияландыру мәселелері бойынша қоғаммен жұмыс істеуде жақсы тәжірибесі бар. Сондықтан Кокмайса 2.0.
Күтілетін нəтиже
Жібек Жолы ауылында ауыл тұрғындарын, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы тұрғындарды тарта отырып, ҚТҚ жинау және қайта өңдеу жөніндегі әлеуметтік кәсіпорын моделі құрылатын болады.
© "Әлеуметтік даму қоры" корпоративтік қоры, 2024 ж. Барлық құқықтар қорғалған.
Сайт INet Building - те жасалған
Архив