Қазақстаннан үш стартап Stanford University жанындағы StartX жазғы бағдарламасына қабылданды!

240-тан астам халықаралық өтінім арасынан дәл осы жобалар таңдалды:

Parqour — жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін ақылды автотұрақ басқару жүйесі. Қазірдің өзінде 6 елде 400-ден астам нысанда іске қосылған!

Aidentis — 2D және 3D суреттер арқылы диагноз қоюды жылдамдатып, сапасын арттыратын стоматологияға арналған AI-платформа. Қазақстанның медициналық ЖОО-ларында қолданылады.

TrustExam.ai — онлайн оқыту мен прокторинг платформасы, қашықтан оқыту барысында академиялық адалдықты қамтамасыз етеді.

Бұл жетістік StartX пен Astana Business Campus (Назарбаев Университетінің Әлеуметтік Даму Қорының еншілес ұйымы) арасындағы серіктестіктің арқасында мүмкін болды.
ABC командасы стартаптарды дайындап, әлемдегі ең бәсекелі акселератор бағдарламаларының біріне өтуге көмектесті! 

Құттықтаймыз! Жас кәсіпкерлердің идеялары Кремний алқабын бағындырсын!