Refillme

Сипаттамасы

Жобасы туралы

Қаржы алушы

Студенттердің бастамашы тобы

Жолғазы Алуа Қанатқызы, Инженерия жəне сандық ғылымдар мектебінің 4-ші курс студенті, «Электрлі техника жəне компьютерлік инженерия» бағдарламасы

Захарова Алина, Инженерия жəне сандық ғылымдар мектебінің 4-ші курс студенті, «Химиялық инженерия жəне материалдар технологиясы» бағдарламасы

Жағыпарова Қаламқас, Инженерия жəне сандық ғылымдар мектебінің 4-ші курс студенті, «Электрлі техника жəне компьютерлік инженерия» бағдарламасы

Жоба бюджеті

1 910 000 теңге

Instagram-дағы жоба

Жобаның мақсаты

Құйылмалы косметикалық бұйымдарды пайдалану арқылы халықтың экологиялық мінез-құлқын дамыту.

Мақсатты топ

Күтілетін нəтиже

Жоба сипаттамасы

Жоба құйылмалы косметикалық бұйымдарға арналған аппарат дайындауға жəне бұл косметикалық бұйымдарды эко-дүкендерде сатуға бағытталған. Бұл сатып алушы үшін үнемді — құтыларға төлемейді. Бұл табиғат үшін пайдалы — пайдаланылған косметикалық бұйымдардың сандаған пластикалық құтылары қоқыс жəшіктеріне түспейді. Аппарат дайындауға бөлшектеріне тапсырыс беру, сыртқы түріне тапсырыс беру, жанасусыз төлем жүйесі жəне аппаратты түгел жинақтау кіреді.

Жобаны насихаттау үшін блогерлер мен эко-инфлюенсерлерді тарту жоспарлануда.

Төрт ай қолданған соң, сатып алушылардың арасында сауалнама жүргізіледі, сондай-ақ жобаны жетілдіру жəне əрі қарай дамыту үшін 3 көлемді сұхбат беру керек.

Аппараттың алғашқы нұсқасы 2020 жылдың қыркүйегінде жиналып, екі ай бойы «Невредный» эко-тұжырымды дүкенінде сынақтан өткізілді. Қордың гранттық қаржысы анықталған кемшіліктерді жойып, неғұрлым сапалы материалдарды пайдаланып, жаңа аппараттар жинақтауға жұмсалады.

Бұған қосымша жоба тағы басқа көздерден қаржыландырылатын 2 гранттың иесі болып табылады:

Фото және видео