Гранттар мен шәкіртақылар

Сипаттамасы

Бағдарламасы
туралы

Қор Назарбаев Университетінің жоғары академиялық жетістіктерге қол жеткізген, бірақ мемлекеттік білім грантын ала алмаған талапкерлер үшін арнайы гранттар мен шəкіртақылар бөледі.

Білімді қоғам – еліміздің тұрақты дамуы мен өркендеуінің кепілі. Білім сапасының маңыздылығын түсінген Қор басшылығы Назарбаев Университетімен бірлесе отырып, талантты жастардың басым бөлігінің сапалы білім алуына мүмкіндік беруге ынталы.

Грант немесе шәкіртақыны тағайындау туралы шешімді кім қабылдайды?

Назарбаев Университетінің Қабылдау комиссиясының ұсынысы бойынша Əлеуметтік даму қорының гранттар, стипендилар және қолдау бағдарламаларын тағайындау жөніндегі комиссиясы.

Сандармен өрнектесек

2018-2021 жылдары 61 студент (36 бакалавр мен 25 магистратура) Назарбаев Университетінде оқу үшін Әлеуметтік даму қорынан грант алды.

Олардың ішінде академиялық 2020-2021 оқу жылында – 5 бакалавриат жəне 17 магистратура студенттері.

Қосымша мәліметтер керек пе?

Бізге жазыңыз, біз сізге көмектесуге қуаныштымыз!