Қор Назарбаев Университетінің математика пәні бойынша алғашқы олимпиадасының бірлескен ұйымдастырушысы болды.
25 қаңтарда Назарбаев Университеті Әлеуметтік даму қоры және «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығымен бірлесіп математика пәні бойынша олимпиада өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін оқуға қызығушылықты арттыру, дарынды балаларды ерте жастан анықтау үшін қажетті жағдайлар жасау.
Бұл олимпиада пилоттық режимде өтті, оған елордалық мектептерден іріктелген 10-12 сыныптарының 46 оқушысы қатыса алды.
Олимпиададан кейін қатысушылар Назарбаев Университетімен жақынырақ таныса алды, оның өкілдерімен сөйлесіп, кампусты зерттеді.
Олимпиада туралы толығырақ осы сілтеме бойынша Назарбаев Университетінің сайтынан біле аласыз.