18 қарашада Қазақстанда алғаш рет The Harvard College Project for Asian and International Relations халықаралық конференциясын өткізуге бастамашы болған студенттерді құттықтау салтанаты өтті. Аталған іс-шарада Назарбаев Университетінің басшылығы (Даирова К.Н., студенттер ісі және халықаралық əріптестік жөніндегі вице-президент) және Әлеуметтік даму қорының (Өтешева А.А., атқарушы директор) өкілдері HPAIR сияқты Қазақстан мен Орта Азияны таныстыруға мүмкіндік берген ауқымды іс-шараға бастамашы болғаны үшін студенттерге алғыс білдірді.
«Біздің студенттеріміз осы конференцияның арқасында жобалық менеджмент, қаржылық жоспарлау, логистика жəне маркетинг туралы нақты дағдыларды меңгерді. Олар алға қойған міндеттерді керемет орындап шықты. Қалыптасқан маман ретінде бізге де жаңа нəрсені үйреніп, өзіміздің жұмысымызға озық жастардың көзімен қарау өте ұнады», — дейді Анар Өтешева.
44 елден келген 500-ден астам адам қатысқан конференцияны өткізу үшін, құрамына Назарбаев Университеті мен Гарвард Университетінің студенттері енген жұмыс комитеттері ұйымдастырылды. Олар іс-шараны өткізуге бағдарламаны жазу, әлемге әйгілі спикерлерді шақырудан бастап, логистика бағдары мен қатысушылардың тамақтануына дейін толығымен жауапты болды. Конференция қатысушысы атану үшін, әлемнің түкпір-түкпірінен әлеуетті делегаттар конкурстық іріктеуден өтті.
Биылғы жылдың тақырыбы – «Өзгерістерге құлшыну» («Passion for Change») жаһандық нарық пен экономика; өнер, БАҚ пен мәдениет; әлеуметтік саясат пен әлеуметтік әділдік; энергетикалық және экологиялық тұрақтылық; мемлекетті басқару мен геосаясат; ғылым мен технология сияқты алты қыры арқылы ашылды.
Конференция спикерлері әлемнің белгілі бизнесмендері, әртүрлі елдердің бұрынғы министрлері мен елшілері, халықаралық компаниялардың басшылары, World Bank Group, BCG, ЮНИСЕФ, БҰҰ БЖКБ, McKinsey, Халықаралық валюталық қор, ЕҚҚДБ, ЕС, Forest Wolf сияқты ұйымдардың қоғамдық пікір көшбасшылары және тағы басқалар болды.
Іс-шара бағдарламасында өзара мәдениет алмасуға көңіл бөлінді – əртүрлі елдердің делегаттары бірегей музыкалық, театрландырылған, би көрсетілімдерін паш етіп, мәдениет пен салт-дәстүрлер карнавалы ұйымдастырылды.
Кейс-чемпионаты форматындағы Impact Challenge конкурсы конференция қатысушыларына жастарға өз əлемінен әлеуметтік саясат пен индустриядан бастап, бизнес пен халықаралық қатынастарға дейінгі өмірден алынған кейстердің шешімін табу арқылы халықаралық компаниялар мен ұйымдардың (Казцинк, ERG, BCG, Deloitte Consulting USA, УВКБ ООН, МФЦА) экожүйелерін танып-білуге мүмкіндік берген ерекше тәжірибелік құндылықты енгізді.
HPAIR 2019 конференциясы жастарға тек теориялық білім ғана бермей, оны тәжірибе жүзінде қолданып, әлеуетті жұмыс берушілер және әлемнің түкпір-түкпірінен пікірлес студенттермен құнды байланыс орнатуға мүмкіндік берді.
Конференцияға Назарбаев Университетінің Әлеуметтік даму қоры, «Казцинк» ЖШС, «ERG Көмек» КҚ, Chevron және Microsoft компаниялары демеушілік етті, серіктестер – Deloitte Consulting USA, CCI Kazakhstan, BCG, UNHCR, P4ML және Schwarzman Scholars, АХҚО, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Astana Convention Bureau.