Әлеуметтік жобалар

2020 жылы Әлеуметтік даму қоры Назарбаев Университеті қоғамдастығының студенттерінің, түлектерінің жəне қызметкерлерінің арасында əлеуметтік жобаларға берілетін гранттарға байқау өткізді.

Байқау мақсаты – қоғамда Назарбаев Университетінің идеялары мен құндылықтарын ілгерілету, сондай-ақ Назарбаев Университеті қоғамдастығының азаматтық бастамаларына қолдау білдіру.

Қатысушылар – Назарбаев Университетінің және оның ұйымдарының студенттері, түлектері жеке қызметкерлері, сондай-ақ олармен құрылған ұйымдар, Назарбаев Университеті студенттері, түлектері және қызметкерлерінен тұратын бастамашыл топтар, студенттік клубтар, Назарбаев Университетінің Мектептері және оның ұйымдары.

Байқаудың міндетті шарты – əлеуметтік жобаның Назарбаев Университетінің декларациясында көрсетілген бір немесе бірнеше принциптеріне сəйкес келуі:

·    Көшбасшылық

·    Патриотизм

·    Дербестік пен академиялық еркіндік

·    Адалдық

·    Aйқындылық жəне ашықтық

·    Инновациялық

·    Төзімділік

Өтінім қабылдау кезеңінде 150 жоба түсті. Оларды білім беру, денсаулық сақтау, экология, IT салалары, халықтың осал топтарын қолдау, бекітілген критерийлер негізіндегі қаржылар бойынша 24 тəуелсіз сарапшы балдық негізде  бағалады.
Нəтижесінде 9 жоба жалпы көлемі 31,2 млн. теңгеге қаржыландырылатын болды. Олар 2020-2021 жылдары жүзеге асырылады деп жоспарланған. 


Қаржы алушы:
«Рухани Жаңғыру» мəдени орталығының бастамашыл тобы
Қаламбаева Гүлназ Болатқызы, Назарбаев Университетінің «Рухани Жаңғыру» мəдени орталығының аға менеджері
Құрманбай Күлтас Сайынқызы, Назарбаев Университетінің «Рухани Жаңғыру» мəдени орталығының директоры


Жобаның мақсаты:
Ағылшын тілі бойынша білімін бағалаудың халықаралық тесттеріне дайындайтын мемлекеттік тілдегі оқу материалдарына халықтың бірдей қолжетімділігін ұсыну

Мақсатты топ:
- ауылдық жердегі жастарды қоса алғандағы қазақтілді халық
- қазақ сыныптарындағы ағылшын тілі мұғалімдері

Күтілетін нəтиже:
- қазақтілді халықтың, соның ішінде ауылдық жерлердегі, арасында ағылшын тілі бойынша білім деңгейін арттыруға ықпал жасау
- ағылшын тілі бойынша білімін бағалаудың халықаралық тесттеріне мемлекеттік тілде дайындауға мүмкіндік беру

Жоба бюджеті: 1 581 253 теңге

Жоба сипаттамасы:
Ағылшын тілі бойынша білімін бағалаудың халықаралық тесттеріне дайындайтын неғұрлым тиімді нұсқаулықтар мен оқыту материалдарын жасау жəне мемлекеттік тілге бейімдеу.
Ақпарат көздері Cambridge/Oxford IELTS preparation books, Longman/Oxford Preparation books for the TOEFL iBT Test, Target Band 7 by Simone Braverman, т.б болады.
Жасалған материалдар «NU Alumni» ҚБ интернет-ресурстарына орналастырылады, сондай-ақ Назарбаев Университетінің кітапханасына беру үшін екі дана болып жарияланады.
Ең бастысы - оқу орындары, əсіресе, ауылдық жерлердегі, сондай-ақ облыстық, қалалық жəне аудандық əкімдіктер мəтіндік жəне бейнематериалдарға тегін қол жеткізе алады.


Қаржы алушы:
Студенттердің бастамашы тобы
Мақсотова Айсұлу Мақсотқызы, Жаратылыстану, əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдар мектебінің 4-ші курс студенті, биологиялық ғылымдар саласының бағдарламасы
Сарыбекова Əсем, Жаратылыстану, əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдар мектебінің 3-ші курс студенті, "Халықаралық қатынастар жəне саясаттану" бағдарламасы
Қайыржанова Гүлмира, Жаратылыстану, əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдар мектебінің 2-ші курс студенті, "Халықаралық қатынастар жəне саясаттану" бағдарламасы

Жобаның мақсаты:
Мазмұны əлемге əйгілі Khan Academy білім тұғырнамасының материалдарын аударуға негізделген мемлекеттік тілде білім берудің тегін əрі сапалы қосымша ресурсына халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Мақсатты топ:
- орта білім беретін мектептердің оқушылары
- техникалық жəне кəсіби білім беру (ТжКБ), жоғары оқу орындарының (ЖОО) студенттері
- мектеп, ТжКБ жəне ЖОО оқытушылары
- мектеп оқушылары мен ТжКБ, ЖОО студенттерінің ата-аналары
- NEET (Not in Education, Employment or Training) санатындағы жастар

Күтілетін нəтиже:
- жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен ТжКБ, ЖОО студенттерінің пəндерді əлемдік стандарттар бойынша оқу үшін мемлекеттік тілдегі материалдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету
- мектеп оқушыларын биология мен алгебрадан емтиханға даярлау (Khan Academy тұғырнамасын пайдаланатын студенттер 1,6 есе жақсы тапсырады)

Жоба бюджеті: 5 000 000 теңге

Жоба сипаттамасы:
Биология мен алгебрадан қазақ тілінде 140 бейнесабақ жасау.
Жалпы алғанда, жобаға 125 волонтер тартылған, оның 25-і контентті аудару ісіне белсенді қатысты. Бұдан бөлек, жобаға пəн бойынша педагог-сарапшылар мен аударылған контентті тексеру үшін аудармашы-сарапшылар тартылған.
Дайын контент Khan Academy Qazaq тұғырнамасына жүктеледі жəне мектеп оқушыларына білім берудің əлемдік стандарттарына сəйкес келетін сапалы білімді мемлекеттік тілде алуға мүмкіндік береді.
Khan Academy – 2008 жылы MIT жəне Гарвард түлегі Салман Хан құрған коммерциялық емес білім беру ұйымы. Академияның мақсаты - "жоғары сапалы білімді кез келген жерде, кез кезген адамға беру". Академияның сайты əртүрлі пəндер бойынша ағылшын тіліндегі 4 200-ден астам тегін шағын дəрістерден тұратын коллекцияға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Назарбаев Университетінің студенттері алғашқы болып Khan Academy контентін қазақ тіліне аудару туралы бастама көтерді. 2019 жылдың мамыр айында Khan Academyмен тұғырнама мазмұнын аудару жəне оқшаулау туралы меморандум жасалып, кейін Назарбаев Университетінде «Khan academy Qazaq» клубы құрылды.
Осы кезден бастап студенттер Қор қаржыландырмаса да, өз беттерімен төменгі сыныптарға арналған математика мен арифметика, сондай-ақ төменгі сыныптарға арналған математиканың барлық тақырыптары бойынша 94 бірлік бейнеконтентті аударып шықты.


Қаржы алушы:
NU Women in Engineering студенттік клубы, өкілі – Мулюкова Мəдина Талғатқызы, Инженерия жəне сандық ғылымдар мектебінің 2-ші курс студенті, «Электрлі техника жəне компьютерлік инженерия» бағдарламасы

Жобаның мақсаты:
Қыздардың арасында инженерлік мамандықты дəріптеу жəне инженерлік саладағы əйелдердің рөлін ілгерілету

Мақсатты топ:
- инженерлік саладағы мамандықтарға қызығушылық танытқан орта жəне жоғары сыныптардың оқушы қыздары (Атырау, Нұр-Сұлтан қалаларындағы НЗМ, Нұр-Сұлтан қаласындағы жалпы білім беретін мектеп)
- Назарбаев Университетінің инженерлік мамандықтар факультеті студенттері арасындағы волонтерлар

Күтілетін нəтиже:
- STEM-саладағы қыздар қауымдастығын нығайту жəне сапалы кеңейту
- оқушы қыздардың бойындағы кəсіби, тұлғалық жəне көшбасшылық қасиеттерін дамыту
- бойжеткендердің арасында инженерлік мамандықтарды дəріптеу

Жоба бюджеті: 697 500 теңге

Жоба сипаттамасы:
Берілген жоба аясында білім беру курстарын өткізу арқылы жас қыздарға Назарбаев Университетінде оқытылатын инженерлік сала мамандықтары туралы əңгімелеп береді. Жоба арқылы оқушы қыздар студент-инженер болудың не екенін, инженерлерге теориялық жəне тəжірибелік білімнің негізінде қандай талаптар қойылып, қандай міндеттер жүктелетінін білетін болады.
Жобаға Атырау жəне Нұр-Сұлтан қалаларынан жалпы саны 100 шақты адам болатын 6 топты қамту жоспарланған.
Жоба командасына NU Women in Engineering инженерлік клубының мүшелері алынған, жобаның моделі мен оның қорытындылары толық сипатталып жазылып, əрі қарай тарату үшін клубқа беріледі.


Қаржы алушы:
Студенттердің бастамашы тобы
Матиева Айжамал Дəуленқызы, Инженерия жəне сандық ғылымдар мектебінің 3-ші курсының студенті, «Құрылыс жəне экологическая инженерия» бағдарламасы
Гүлнұр Пернебекова, Инженерия жəне сандық ғылымдар мектебінің 3-ші курс студенті, «Құрылыс жəне экологическая инженерия» бағдарламасы
Камила Жексекеева, Жаратылыстану, əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдар мектебінің 2-ші курс студенті

Жобаның мақсаты:
Қалдықтарды өңдеу жəне биологиялық тыңайтқыштарды қолдану мəдениетін ілгерілету

Мақсатты топ:
- экобелсенділер
- үй иелері
- қоғамдық тамақтану мекемелері (мейрамханалар, кафе жəне басқалары)
- білім беру ұйымдары (мектептер, ТжКБ жəне ЖОО)

Күтілетін нəтиже:
- халықты тағам қалдықтары мəселесі жəне қоқысты саналы өңдеу мəдениетін сіңіру туралы көбірек хабардар ету
- мүдделі тұлғаларға тағам қалдықтарын жою жəне биогумус жасауға шешім ұсыну
- парниктік газдардың (метан) шығарындысын болдырмауға үлес қосу

Жоба бюджеті: 1 301 500 теңге

Жоба сипаттамасы:
Жоба бойынша тағам қалдықтарын өңдейтін 150 құрылғыны (вермикомпостерлер) жасап шығару жəне оны қолдануды 300 адамға үйрету көзделген.
Вермикомпостер – бұл ішіне топырақ пен тағам қалдықтарын жеп, оны тыңайтқышқа - биогумусқа айналдыратын құрттары бар жабық құрылғы. Алынған тыңайтқышты жеке үй жанындағы учаскеде пайдалануға немесе мүдделі ұйымдарға (бау-бақша серіктестігі, жылыжай, жеке адамдар, т.б) сатуға болады.
Қор қаржыландырғанға дейін де студенттердің бұл тобы NU Green Campus грантына ие болған еді. Бұл грант аясында жауын құрттары арқылы өңдейтін вермикомпостердің баламасы жасалған болатын. Құрылғыны Назарбаев Университетінің 5 оқытушысы сынақтан өткізіп, егнді олардың ұсыныстарын ескере отырып, модельдерді Қор гранты аясында жетілдіруде.


Қаржы алушы:
NU Enactus студенттік клубы
Армсан Ребекка Давидовна, Жаратылыстану, əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдар мектебінің 2-ші курс студенті, «Əлеуметтану» бағдарламасы
Юсупова Эльмира, Жаратылыстану, əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдар мектебінің 2-ші курс студенті, «Əлеуметтану» бағдарламасы

Жобаның мақсаты:
Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арт-сессия ұйымдастыру арқылы инклюзивті қоғамды дамытуға ықпал жасау

Мақсатты топ:
- мүмкіндігі шектеулі, ментальды жəне дене ерекшелігі бар балалар
- мүмкіндігі шектеулі, ментальды жəне дене ерекшелігі бар балалардың ата-аналары
- арт-эдвайзерлер

Күтілетін нəтиже:
- мүмкіндігі шектеулі балаларды əлеуметтендіру
- инклюзивті қоғамды дамыту

Жоба бюджеті: 174 000 тенге

Жоба сипаттамасы:
Жоба əлеуметтік-коммерциялық бағытқа ие.
Жобаның алғашқы міндеті мүмкіндігі шектеулі балаларды терапиялық эффекті бар шығармашылық қызметпен (сурет салу) айналысуға тарту болып табылады.
Екінші міндеті - олардың шығармашылық жұмыстарына назар аударту жəне оларды коммерциялық сату арқылы инклюзивті қоғамды дамытуға ықпал жасау.
Бұдан басқа жұмыстар каталогы жасалып, баланың қолынан шыққан əр жұмыс аукционға шығарылады, кəсіби дизайнерлердің көмегімен осы суреттер бейнеленген кəдесыйлар жасау жоспарлануда. Жұмыстар мен олар бейнеленген кəдесыйларды сатудан түскен қаржы кішкентай суретшілерге беріледі. Бұл қаржыны олар оңтайландыруға немесе өз қалауын орындауға жұмсай алады.
Жобаға 10 шақты баланы қатыстыру көзделіп отыр.


Қаржы алушы: «Alpha Academy» Білім академиясы» ҚБ, бірлестік төрағасы - Білім берудің жоғарғы мектебі (M.Sc., Education Leadership, Graduate School of Education Nazarbayev University) магистрлік бағдарламасының түлегі Зиябеков Бахнұр Мақсатұлы.

Жобаның мақсаттары:
- ауылдық оқушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру, өз бетімен білім алуға деген ішкі ынта-жігерін қалыптастыру
- мектеп оқушыларының жалпы мəдениетінің деңгейін көтеру
- мектеп оқушыларының бойында ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін дамыту.

Мақсатты топ:
- ауылдық жерлердегі орта білім беретін қазақ мектептерінің 8-10 сынып оқушылары
- волонтерлар
- қоғамдық пікір көшбасшылары

Күтілетін нəтиже:
- оқушылардың ағылшын тілінің зияткерлік, эмоционалды-эстетикалық жəне рухани-адамгершілік даму негізі ретіндегі маңызын түсінуі
- ауылдық жердегі мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытудың моделін жасау
- мектеп оқушыларының оқуға жəне өз бетімен білім алуға деген ішкі ынта-жігерін арттыру

Жоба бюджеті: ФСР НУ гранты 9 480 000 теңге + меншік көздерінен қосымша қаржыландыру 2 400 000 теңге

Жоба сипаттамасы:
Жоба ағылшын тілінің курстарын helloaul.kz тұғырнамасында онлайн-форматта өткізуді көздейді. Курстың ұзақтығы - 2 ай. Оқытушылыққа 80-ге жуық волонтерді тарту жоспарланған.
Курс бағдарламасының оқу материалдары əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Абылай хан атындағы Қазақ Ұлттық халықаралық қатынастар жəне əлем тілдері университетінің профессорларымен жəне «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» АҚ кеңесшілерімен бірлесе отырып жасалатын болады.
Қосымша оқу материалдары QR-код арқылы көбейтіліп, оқушылар арасында таратылады.
Жоба аясында оқуға 1000-ға жақын ауылдық оқушылар тартылып, олардың кем дегенде 40% ағылшын тілін меңгерудің əңгімелесу деңгейін біліп шығатын болады. Жоба аясында Түркістан, Жамбыл жəне Алматы облыстарымен өзара əріптестік орнатылған. Алматы жəне Шымкент қалаларының жергілікті атқару органдарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
2016 жылдан бері «Alpha Academy» Білім академиясы» ҚБ ОҚО, Жамбыл жəне Алматы облыстарының ауылдық жерлеріндегі 10 мыңға жуық жоғары сынып оқушыларын 15-тен астам тілге (ағылшын, қазақ, орыс, неміс, т.б) үйретіп, оқытып шығарды.
«Alpha Academy» Білім академиясы» ҚБ-нің 600-ден астам түлегі жаз мезгілінде волонтерлік негізде балаларды шетел тіліне оқытты. Жұмыс оффлайн форматта жүргізілді. Қордың қаржыландыруы бұл модельді онлайн режимінде байқап көруге мүмкіндік береді, мұндай жағдайда болашақта қамтылатын оқушылар саны өсіп, жұмсалатын шығындар азая түсер еді.


Қаржы алушы:
Назарбаев Университеті түлектерінің бастамашы тобы
Тажиева Əсем Советбекқызы, Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің магистрлік бағдарламасының түлегі
Мамбеталина Дана, Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің магистрлік бағдарламасының түлегі

Жобаның мақсаты:
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасына 0-3 жасқа дейінгі балалармен өз бетімен жұмыс жасауға қажетті маңызды ақпараттар мен ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Мақсатты топ:
- ҚР-дағы мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар
- салалық мамандар (педиатрлар, неврологтар, реабилитологтар, психологтар, эрготерапевтер, логопедтер, дефектологтар, кинезиотерапевтер, массажистер)
- оңалту орталықтары
- қайырымдылық қорлары
- ғалымдар мен студенттер

Күтілетін нəтиже:
0-3 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары мен қамқоршылары үшін кəсіби мамандармен бірлесе отырып жасалған қазақ жəне орыс тілдеріндегі сапалы жəне нақты контенті бар мобильді қосымша/сайт жасақтау

Жоба бюджеті: 10 000 000 теңге

Жоба сипаттамасы:
Жоба мүмкіндігі шектеулі сəбилермен өз бетімен жұмыс жасау барысында ата-аналар мен мамандарға көмегі тиетін 100-ден аса пайдалы материалдары бар қосымша/сайт жасақтауға бағытталған.
Қосымшада/сайтта мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қорғау саласындағы нормативті-құқықтық актілер, қазақстандық жəне халықаралық зерттеулердің мəліметтері, мемлекеттік қызмет алу (балабақша, ПМПК, мүгедектікті рəсімдеу, коррекциялық кабинеттер, оңалту, санаториялық-шипажайлық емдеу, т.б), сонымен бірге жеке ұйымдардың қызметін алу туралы ақпараттар, Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің инклюзия тақырыбына жазылған 5 (бес) мақаланың аудармасы, басқа да өзекті мəселелер орналастырылады.
Жобаны жүзеге асыру барысында ата-аналарға арнап 15 онлайн-кеңес өткізу жоспарланған. Жалпы алғанда, жоба өз қызметінің алғашқы жылында 3 000 пайдаланушыны қамтитын болады.


Қаржы алушы:
Студенттердің бастамашы тобы
Жолғазы Алуа Қанатқызы, Инженерия жəне сандық ғылымдар мектебінің 4-ші курс студенті, «Электрлі техника жəне компьютерлік инженерия» бағдарламасы
Захарова Алина, Инженерия жəне сандық ғылымдар мектебінің 4-ші курс студенті, «Химиялық инженерия жəне материалдар технологиясы» бағдарламасы
Жағыпарова Қаламқас, Инженерия жəне сандық ғылымдар мектебінің 4-ші курс студенті, «Электрлі техника жəне компьютерлік инженерия» бағдарламасы

Жобаның мақсаты:
Құйылмалы косметикалық бұйымдарды пайдалану арқылы халықтың экологиялық мінез-құлқын дамыту

Мақсатты топ:
- 25-35 жастағы аналар, миллион тұрғыны бар қала тұрғындары
- экологиялық белсенділер
- саналы түрде тұтынушылар

Күтілетін нəтиже:
- халықтың экологиялық пайдалану мəдениетін дамыту
- пластикалық қоқыс көлемі азаяды

Жоба бюджеті: 1 910 000 тенге

Жоба сипаттамасы:
Жоба құйылмалы косметикалық бұйымдарға арналған аппарат дайындауға жəне бұл косметикалық бұйымдарды эко-дүкендерде сатуға бағытталған. Бұл сатып алушы үшін үнемді - құтыларға төлемейді. Бұл табиғат үшін пайдалы - пайдаланылған косметикалық бұйымдардың сандаған пластикалық құтылары қоқыс жəшіктеріне түспейді. Аппарат дайындауға бөлшектеріне тапсырыс беру, сыртқы түріне тапсырыс беру, жанасусыз төлем жүйесі жəне аппаратты түгел жинақтау кіреді.
Жобаны насихаттау үшін блогерлер мен эко-инфлюенсерлерді тарту жоспарлануда.
Төрт ай қолданған соң, сатып алушылардың арасында сауалнама жүргізіледі, сондай-ақ жобаны жетілдіру жəне əрі қарай дамыту үшін 3 көлемді сұхбат беру керек.
Аппараттың алғашқы нұсқасы 2020 жылдың қыркүйегінде жиналып, екі ай бойы «Невредный» эко-тұжырымды дүкенде сынақтан өткізілді. Қордың гранттық қаржысы анықталған кемшіліктерді жойып, неғұрлым сапалы материалдарды пайдаланып, жаңа аппараттар жинақтауға жұмсалады.
Бұған қосымша жоба тағы басқа көздерден қаржыландырылатын 2 гранттың иесі болып табылады:
- Impact Hub Almaty – 600 мың теңге. Бір аппаратты дайындап, шикізат сатып алу (2020 ж.қараша – 2021 ж.сəуір)
- NU Green Campus – екі аппаратты дайындап, шикізат сатып алу (2020 ж.қараша – 2021 ж.сəуір)


Қаржы алушы: Ибадулла Әсел Жеңісқызы, Жаратылыстану, əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдар мектебінің 4-ші курс студенті, NU Phycology Club серіктесе отырып "Биологиялық ғылымдар" бағдарламасы

Жобаның мақсаты:
Назарбаев Университеті студенттерінің психикалық денсаулығын эмоционалдық қолдау мен өзін-өзі қалпына келтіру əдістерінен үйрету арқылы дамытуға ықпал жасау

Мақсатты топ:
Назарбаев Университетінің студенттері
Назарбаев Университетінің түлектері

Күтілетін нəтиже:
студенттер мен түлектердің эмоционалдық жағдайының, көңіл-күйінің жақсаруы
студенттерге эмоционалдық қолдау көрсетуге дайын бапкерлер дайындау

Жоба бюджеті: 1 050 000 теңге

Жоба сипаттамасы:
Жобаның міндеті - күзелісте жүрген немесе күйзеліске түсудің алдында жүрген (ауыр оқу жүктемесі, карантин кезінде оқу форматының өзгеруі, т.б) Назарбаев Университетінің студенттеріне көрсетілетін эмоционалдық қолдауды ойлап тауып, моделін сипаттап беру. Жобаның алғашқы кезеңінде Назарбаев Университетінің студенттері мен түлектерінің арасында іріктеу жүргізіліп, 2 бапкерді оқытады. Іріктеу International Academy of Emotional Intelligence мамандарының көмегімен сұхбаттасу арқылы өтеді. Бапкерлерді онлайн-оқыту 2 ай бойы жүргізіледі жəне аптасына екі рет дəрістер мен семинарлардан, сондай-ақ бапкерлік дағдыны пысықтау тəжірибелерінен тұратын болады. Екінші кезеңде оқу аяқталған соң, бапкерлер жыл бойы Назарбаев Университеті студенттерінің арасында эмоционалдық денсаулықты жақсарту бағдарламасы үшін кемінде 100 адам қатысқан 2-еуден жоғары тренингтер өткізеді. Бағдарлама апта сайынғы тренингтерден, апта сайынғы таңғы медитациядан, эмоционалдық мəселені талдаудан, эмоциямен жасалатын жұмыстан, спорттық шаралардан, т.б тұрады. Бағдарламаның ұзақтығы 10 аптаны құрайды.

X
17-07-2021
Jas Social Impact байқауы аясында біздің Instagram парақшамызда тікелей эфир өтеді. @nu_sdf парақшасына жазылыңыздар да сіздерді қызықтыратын сұрақта...
01-07-2021
Назарбаев Университеті «Әлеуметтік даму қоры» Назарбаев Университеті қауымдастығы мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері арасында JAS Social Im...
05-05-2021
Әлеуметтік бизнес туралы көбірек білгіңіз келе ме? Ол не? Қалай бастауға болады? Әлеуметтік кәсіпкер қандай үлес қосады? Жауабын табу үшін SDF Impact ...