Назарбаев Университеті қызметкерлерінің жəне оқытушыларының кəсіби дамуын арттыру мақсатында 2012 жылдан бастап «Талап» стипендиясы енгізілді. Бұл стипендия университет пен оның ұйымдарының жас мамандарына магистратура, PhD докторантура және постдокторлық зерттеулер бағдарламалары бойынша оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді. Әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында оқып болғаннан кейін барлық стипендиаттар Назарбаев Университетінің қауымдастығына оралып, алған білімдері мен дағдыларын, соның ішінде профессор-оқытушылар құрамының қатарын толықтыра отырып қолданады.
Назарбаев Университеті немесе оның ұйымдарында екі жылдан астам еңбек өтілі бар, Назарбаев Университетінің немесе оның ұйымдарының басым қызмет түрлеріне байланысты бағдарлама бойынша шетелдік жоғары оқу орнына өз бетімен түскен қызметкерлер.
Қор Назарбаев Университетінің қызметкерлеріне жоғары оқу орнынан кейінгі білім алып, əрі қарай Назарбаев Университеті мен оның ұйымдарында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
2012-2020 жж. «Талап» стипендия иегерлерінің жалпы саны: 61 адам.
Қосымша мәліметтер керек пе? Бізге жазыңыз, біз сізге көмектесуге қуаныштымыз!