Университетке дейінгі дайындық студенттері мен тыңдаушыларына арналған қолдау бағдарламасы

Әлеуметтік даму қоры Назарбаев Университетінің әлеуетті және оқып жүрген студенттеріне барынша көңіл бөлуге тырысады, ол үшін қолдау бағдарламасын әзірледі.

Қордың қолдауымен аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттер назарларын білім алуға ғана аударып қоймай, өнерлі жастар əртүрлі білімді дамыту шараларына (конкурстар, конференциялар, тағылымдамалар мен олимпиадалар) да қатысуға мүмкіндік алады.

Қолдау бағдарламасы дегеніміз не?

Бұл Назарбаев Университетінің тағдыр талқысына түскен, сондай-ақ өздерін білім беру шараларында көрсетуге ниетті студенттері мен талапкерлеріне жан-жақты көмек көрсетуге бағытталған Әлеуметтік даму қорының бастамасы.

Біздің іс-тәжірибеміз

Қордың қолдауымен 2018-2020 жылдар аралығында Foundation бағдарламасының 700 тыңдаушысы тегін тамақпен қамтамасыз етілді, 20-дан аса студент шетелде емделуге, олимпиадаларға қатысуға жəне тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды. 2020 жылы Foundation бағдарламасының 159 тыңдаушысы тегін тамақпен қамтамасыз етілді, 1 студент шетелде емделуге мүмкіндік алды. Əлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 180-нен астам студентке онлайн-оқуға қажетті интернет байланысын төлеу үшін материалдық көмек берілді.


X
05-05-2021
Әлеуметтік бизнес туралы көбірек білгіңіз келе ме? Ол не? Қалай бастауға болады? Әлеуметтік кәсіпкер қандай үлес қосады? Жауабын табу үшін SDF Impact ...
28-04-2021
Қатысу. Өнім жасаңыз. Кәсіпкер бол. 7-9 мамыр. Жүлде қоры 2 000 000 теңгені құрайды.
21-04-2021
Біз сіздерді SDF Impact Day шеңберіндегі әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларына арнауды жалғастырамыз. Бұл жолы біз бұл тақырыпты экологиялық білім тарапын...