ӘДҚ гранттары мен стипендиялары

Қор Назарбаев Университетінің жоғары академиялық жетістіктерге қол жеткізген, бірақ мемлекеттік білім грантын ала алмаған талапкерлер үшін арнайы гранттар мен шəкіртақылар бөледі.

Осындай студенттердің бойынан болашақ көшбасшыларға тəн қасиеттерді көрген Қор мұндай қолдаудың алға қарай ұмтылдыратын күштен де артық боларына сенімді. Студент өзін-өзі жігерлендіріп, алға ұмтыла түседі.

Білімді қоғам – еліміздің тұрақты дамуы мен өркендеуінің кепілі. Білім сапасының маңыздылығын түсінген Қор басшылығы Назарбаев Университетімен бірлесе отырып, талантты жастардың басым бөлігінің сапалы білім алуына мүмкіндік беруге ынталы.

Грант немесе шәкіртақыны тағайындау туралы шешімді кім қабылдайды?

Назарбаев Университетінің Қабылдау комиссиясының ұсынысы бойынша Əлеуметтік даму қорының гранттар, стипендилар және қолдау бағдарламаларын тағайындау жөніндегі комиссиясы.

Сандармен өрнектесек

2018-2021 жылдары 61 студент (36 бакалавр мен 25 магистратура) Назарбаев Университетінде оқу үшін Әлеуметтік даму қорынан грант алды.

Олардың ішінде академиялық 2020-2021 оқу жылында – 5 бакалавриат жəне 17 магистратура студенттері.

Үміткерлерге қандай талаптар қойылады?

Толығырақ сайтта - nu.edu.kz
X
05-05-2021
Әлеуметтік бизнес туралы көбірек білгіңіз келе ме? Ол не? Қалай бастауға болады? Әлеуметтік кәсіпкер қандай үлес қосады? Жауабын табу үшін SDF Impact ...
28-04-2021
Қатысу. Өнім жасаңыз. Кәсіпкер бол. 7-9 мамыр. Жүлде қоры 2 000 000 теңгені құрайды.
21-04-2021
Біз сіздерді SDF Impact Day шеңберіндегі әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларына арнауды жалғастырамыз. Бұл жолы біз бұл тақырыпты экологиялық білім тарапын...