Импакт-инвестициялау

Импакт-инвестициялау жəне əлеуметтік кəсіпкерлік деген не?

Сегіз жыл бойы əртүрлі жобаларға қолдау білдіріп, дамыта жүріп əлеуметтік бастамалар мен серіктес болудың күшін сезіне түстік. Бүгінде нақ осы аталған факторлар біздің əрі қарай дамуымыздың бағытын айқындап берді. Қазіргі таңда Назарбаев Университеті қоғамдастығынан өзінің ықпалын одан сырт жерлерде де тигізуге даяр нағыз көшбасшылар өсіп шықты. Олар қоғамдағы мəселелердің шешілуіне əлеуметтік-өзгертуші кəсіпкерлік жобалары арқылы өз үлестерін қосуға қабілетті. Қор да оларды қолдауға дайын.

Жұмыс атқарған жылдары біз Назарбаев Университеті қоғамдастығының жобаларын, соның ішінде əлеуметтік бағдарлы жобаларын, бағалау, іске қосу, қаржылық жəне сараптамалық қолдау бойынша кең ауқымды тəжірибе жинақтадық. Бүгінгі таңда оның аясын ұлғайтып, кеңейтіп, қоғамның жəне тұтас еліміздің игілігі үшін сыртқы ортада қолданатын сəт келіп жетті. Міне, сондықтан да Қор өз қызметінің жаңа бағыты – импакт-инвестициялауды бастағалы отыр.

Импакт-инвестициялау – бұл əлеуметтік өзгерістерге бағытталған инвестиция құю немесе инвестициялауға əсер ету. Импакт-инвестициялаудың нысаны - əлеуметтік кəсіпкерлік жобалары.

Əлеуметтік кəсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір əлеуметтік мəселені шешу немесе қоғамға бір пайдасын тигізу мақсатында жүзеге асырылатын қызмет. Əлеуметтік кəсіпкерліктің форматы əртүрлі болуы мүмкін, бірақ олардың бəрін бизнес əдісін қолдану арқылы жоғары əлеуметтік қосымша құн жасауға деген құштарлық біріктіреді.

Əлеуметтік кəсіпкерлік əлеуметтік міндет пен коммерциялық құраушының балансын білдіреді. Алайда бұл жерде ақша – негізгі мақсат емес, кəсіпкердің тұрақты жəне тəуелсіз болып қалуына мүмкіндік беретін əлеуметтік импактқа қол жеткізу құралы.

Əлеуметтік əсері бар инвестициялар қызметі кəсіпкерлік құралдар мен инновациялық көзқарасты пайдалана отырып, қоғамдық маңызы бар салаларда оң өзгерістер жасауға бағытталған жобаларға қолдау білдіреді. Олардың түпкі мақсаты қаржылық нəтижеге қол жеткізумен қатар, қоғамға əлеуметтік тұрғыда əсер ету болып табылады.


Қордың импакт-инвестициясына жобаларды іріктеу шарттары

Қор импакт-инвестициялаудың мынадай мақсаттарына сай келетін жобаларды қаржыландыруға ниетті:

•      əлеуметтік əсер етудің жоғары деңгейіне жету

•      осы əсер етудің өлшемділігі

•      тұрақты даму мақсаты бар менеджмент

•      қаржылық табысқа ұмтылу (ROI нарықтық көрсеткіштен төмен болмауы тиіс)

Назарбаев Университетімен байланысы бар, ұзақ мерзімге жəне аясын кеңейтуге арналған жобаларға басымдық беріледі. Олар үшін Қор əрі қарайғы тұрақты дамуына негіз болуға дайын.


Импакт-инвестициялаудың əлемдік нарығы

Global Impact Investing Network мəліметі бойынша, импакт-инвестициялау əлемдік нарықта $715 млрд бағаланады жəне жылына 29% өсіп отырады. Оның ішінде импакт-инвесторлардың 88% өз салымдарының қаржылық нəтижесіне риза немесе күткендегіден де көп табысқа кенелген.

Импакт-инвестициялар жоғары құндылықтар мен жоғары табысқа жетудің коллаборациясына жетуге мүмкіндік береді, ал оның арқасында бүгін қабылданған инвестициялық шешімдер ертеңгі бақытты болашақтың кепілі болады.

Жаңа құбылыстың қоғамда кең таралуы əлеуметтік кəсіпкерлікті дамытуды мақсат тұтқан қорлар мен ұйымдардың қызметін жандандыра түсуіне ықпал етті. Алғашқы қарлығаштардың ішіндегі ең танымалдары – «Ашока» қоры, Шваба қоры жəне Рокфеллер қоры.

«Ашока» қоры (ashoka.org) – бұл əлеуметтік инновациялар көшбасшыларын іздеумен жəне қолдаумен айналысатын халықаралық үкіметтік емес ұйым. Өз қызметін 1981 жылы АҚШ-та бастаған Ашока бүгінде 87 елде қызмет етуде. Қазіргі уақытта қордың əлем бойынша 3000-нан астам мүшесі кедейлікпен күреске, білім беру жүйесін жетілдіруге жəне оған əділ қол жеткізуді қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға, билік органдары жұмысының транспаренттік деңгейін көтеруге жəне қоғамдағы интеграцияны тереңдете түсуге үлес қосып келеді.

Шваба əлеуметтік кəсіпкерлік қоры (schwabfound.org) – əлеуметтік кəсіпкерлік саласында əрекет ететін тұлғалар мен ұйымдарды қолдау жəне қаржыландыру үшін құрылған швейцариялық коммерциялық емес қор. Қор 1998 жылы танымал əлеуметтік кəсіпкерлердің əлемдік қоғамдастығын қолдау үшін құрылған. Оның қызметінің мақсаты əлеуметтік инновацияның жəне ілгерілеудің маңызды катализаторы ретінде əлеуметтік кəсіпкерлік пен əлеуметтік кəсіпкерлерді дамыту болып табылады.

Рокфеллер қоры (rockefellerfoundation.org) сонау 1913 ашылған жəне күні бүгінге дейін əлемдегі маңызды да ықпалды үкіметтік емес ұйымдардың арасында алдыңғы орында келеді. Рокфеллер қоры əлеуметтік əсер ету инвестициялары нарығындағы озық ойыншыларын біріктіретін америкалық Global Impact Investing Network (2009) коммерциялық емес ұйымның құрылуының бастамашысы жəне негізгі демеушісі болып табылады. Қордың қызметі төрт басты міндетке негізделген: энергетикалық кедейшілікті жою, баршаның денсаулығын жақсарту, əлемді тойындыру жəне экономикалық мүмкіндіктер аясын кеңейту.


Сонымен, бүгінгі таңда жалпы болашаққа инвестиция құю - əлемдік нарықта қатысушылардың неғұрлым көп болуын қамтитын мейнстрим.

Назарбаев Университетінің Əлеуметтік даму қоры отандық əлеуметтік жəне бизнес ортада импакт-инвестициялау трендін дамытуға жəне түсіністік танытуға ықпал жасауға ниетті.

 

 

 

X
17-07-2021
Jas Social Impact байқауы аясында біздің Instagram парақшамызда тікелей эфир өтеді. @nu_sdf парақшасына жазылыңыздар да сіздерді қызықтыратын сұрақта...
01-07-2021
Назарбаев Университеті «Әлеуметтік даму қоры» Назарбаев Университеті қауымдастығы мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері арасында JAS Social Im...
05-05-2021
Әлеуметтік бизнес туралы көбірек білгіңіз келе ме? Ол не? Қалай бастауға болады? Әлеуметтік кәсіпкер қандай үлес қосады? Жауабын табу үшін SDF Impact ...