15.05.2019
“I YRA Science” Жастар ғылыми форумы Жас ғалымдар альянсының алғашқы жұмыс жылын қорытындылады
15 мамырда Назарбаев Университетінде «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігінің алғашқы жылының жұмысын қорытындылаған «I YRA Science» - «Ғылым – менің таңдауым» атты алғашқы Жастар ғылыми форумы өтті.

Форум Әлеуметтік даму қорының атқарушы директоры Анар Өтешеваның, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңсесінің кеңесшісі Колин Маккалоудың, «Nazarbayev University Research and Innovation System» ЖМ кеңесшісі Ақылбек Жайназаровтың құттықтау сөздерімен ашылды.

Іс-шара жас ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, мемлекеттік органдардың, қазақстандық ЖОО-ның, зерттеу институттары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері арасынан таңдалған спикерлердің жүргізуімен үш секцияға бөлінді.

«Ғылым – ғылымды басқару» секциясына білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова мен денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің қатысуы жас ғалымдарға елдегі жалпы ғылым бойынша статистикалық мәліметтер туралы, сонымен қатар мемлекеттік қаржыландыру жөніндегі ақпаратпен де танысуға мүмкіндік берді. Спикерлермен болған шынайы әңгіме Назарбаев Университетінің ғана емес, одан басқа да қазақстандық ЖОО жас ғалымдары шешімін таба алатын сауалдарды талқылауға ұласты. Альянс та алдына барлық жас ғалымдарды біріктіру мәселесін қойып отыр.

Табысты жас ғалымдар «Ғылым-біздің таңдауымыз» секциясы аясында мотивациялық сөйлеу форматында ғылымдағы өздерінің жеке тәжірибесімен бөлісті, ғылыми қауымдастық алдындағы заманауи тенденциялар жайында сөз қозғады. Аталған секцияның спикерлері болып құс тұмауына қарсы А/Н5N1 вакцинасы патентінің иегері Қайсар Табынов, экология саласындағы ұлттық эксперт Айымгүл Керімрай, үш тілді білім беру саласындағы эксперт Лаура Қарабасова, ғалым-генетик және Ұлттық биотехнология орталығы зертханасының меңгерушісі Мақсат Жабағин, Қазақстанның Азаматтық Альянсы директорының орынбасары Гаухар Нұрша белгіленді.г

Соңғы «Ғылым және бизнес» секциясында Egistic жобасының стартапшысы Жандос Керімқұлов, инновациялық экожүйе департаментінің аға менеджері Дəмел Мектепбаева мен бизнес-тренер Рустам Абдусаламовтар ғылымдағы кәсіпкерліктің маңыздылығы туралы əңгімеледі.

Форум Қазақстанның әр түрлі қалаларынан келген қатысушылардың байланыс телефондарымен алмасып, алдағы уақытта жас ғалымдардың өзара қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін талқылаған нетворкингпен аяқталды.
10-02-2021
Жоғары оқу орнынан кейін білім алу мүмкіндігін Назарбаев Университеті мен оның ұйымдарының қызметкерлері зор ықыласпен пайдаланады. Қазіргі таңда 60-т...
08-02-2021
Озық білімді жəне оқыту техникасын жетік меңгерген, практикалық зерттеу тəжірибесі мол жəне студенттердің білімге деген құштарлығын оята алатын мықты ...
05-02-2021
Циркулярлы ара, автокөлік тұншықтырғышы, қысқа толқынды пеш – осы өнертабыстардың барлығын да əйелдер ойлап тапқан. Бұл мысалдар нəзік жыныстылардың д...