01.07.2021
Қор әлеуметтік жоба және әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша конкурс жариялайды!

Назарбаев Университеті «Әлеуметтік даму қоры» Назарбаев Университеті қауымдастығы мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері арасында JAS Social Impact гранты байқауына өтінімдер жинаудың басталғаны туралы қуана хабарлайды.

Байқауға Қазақстандағы қоғамның проблемаларын шешуге бағытталған әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік кәсіпкерлік жобалары қабылданады.

Егер сіз қоршаған өміріңізді қалай жақсарту бойынша идея болса, бизнесіңізді әлеуметтік ету немесе әлеуметтік кәсіпкер болғыңыз келсе, JAS Social Impact – сіз үшін!

Байқау бірнеше кезеңнен тұрады және білім беру компоненті, JAS Camp лагері аясында қатысушылардың бизнес-дағдыларына үйрету, тәлімгерлермен жұмыс істеуді қамтиды.

Қаржыландыру үш түр бойынша жүзеге асырылады:

  • Әлеуметтік жобаның гранты – 1 000 000 теңгеге дейін

  • Әлеуметтік кәсіпкерлік гранты – 5 000 000 теңгеге дейін

  • Әлеуметтік инвест – 10 000 000 теңгеге дейін

Егер «әлеуметтік кәсіпкерлік» түсінігімен таныс болмасаңыз, біз сізге осы жерде НУ қоғамдастығы үшін жүргізілген бірқатар zoom вебинарлары мен түсіндірме материалдарын дайындадық.

Қор байқаудың барлық кезеңдерінде берілетін жұлдыздарының орнына белсенді қатысушыларға өтінімді беру кезеңінен бастап бағалы сыйлықтар дайындады.

Байқау туралы барлық ақпарат мына жерде
17-07-2021
Jas Social Impact байқауы аясында біздің Instagram парақшамызда тікелей эфир өтеді. @nu_sdf парақшасына жазылыңыздар да сіздерді қызықтыратын сұрақта...
01-07-2021
Назарбаев Университеті «Әлеуметтік даму қоры» Назарбаев Университеті қауымдастығы мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері арасында JAS Social Im...
05-05-2021
Әлеуметтік бизнес туралы көбірек білгіңіз келе ме? Ол не? Қалай бастауға болады? Әлеуметтік кәсіпкер қандай үлес қосады? Жауабын табу үшін SDF Impact ...